Жаңа әдебиеттер
10-01-2025, 17:58
Автор: akbota
Құрметті кітапхана оқырмандары!
Біздің кітапхана қоры үнемі жақсы әдеби жаңалықтармен толықтырылып отырады. Сіздердің назарларыңызға жуырда келіп түскен жаңа әдебиеттерді ұсынамыз.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың «Мәдениет – Әлемнің тірегі» атты кітабында қоғамның соңғы отыз жылдан аса уақыт аралығындағы рухани тынысы, әдебиет пен өнердегі үдерістер зерделенеді. Алия Нугуманованың «100 өнер қыраны» атты кітабында көне ғасырда өмір сүрген Қорқыт бабамыздан бастап Бұқар жырау, Тәттімбет, Құрманғазы сынды төл өнерімізді аспандатқан қазақтың рухани мәдениетінің ірі өкілдері 100өнер қыранының өмірі мен өнерпаздығына қатысты әдеби деректер баяндалған. Сонымен қатар балалар әндерінің ноталы кітаптары мен кино өнеріне байланысты әдебиеттермен таныса аласыздар.


Вернуться назад