DataLife Engine > Жаңалықтар > «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


27-02-2015, 16:10
Автор: akbota

     2015 жылдың 27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі қазақ әдебиетінің ұлы классигі, халқымыздың қайталанбас дара тұлға ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерей тойына арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби подиум өткізді.

     Іс-шараның басты мақсаты: халқымыздың озық ойлы білімдары, дара туған дана перзенті Абай шығармашылығымен таныстыра отырып, оқыр-мандардың ақынға деген сүйіспеншілігін арттыру. Абай Құнанбаевтың өлеңдері арқылы оқырмандарға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

     Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны, өлеңдері, қара сөздері, аудармалары оқырмандарға таныстырылып, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.

     Кешке №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің 8 «а», «ә» сынып оқушылары және №7 орта мектеп 7 «а» сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқады.

     Оқырмандар«Қазақтың ұлы ақыны – Абай» атты кітап көрмесін тамашалады. Әдеби шараға №12 және М.Шоқай атындағы №187 орта мектептің оқушылары қатысты.


 

 



Вернуться назад