«Сырдың сыршыл ақыны» атты поэтикалық марафон
13-03-2025, 18:14
Автор: akbota
13 наурыз күні өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен танылған сыршыл ақын Балашбек Шағырұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Сырдың сыршыл ақыны» атты поэтикалық марафон ұйымдастырылды.
Мақсаты - әдебиет әлемінде өзіндік өрнегін қалыптастырған ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Шараға №101 Әли Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейінің оқушылары және Балашбек Шағырұлының келіні Серікбаева Лаззат қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
Шара соңында «Жыр ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылды.



Вернуться назад