DataLife Engine > Жаңалықтар > Ұлыстың Ұлы күніне орай "Қош келдің, әз Наурыз" атты кітап көрмесі

Ұлыстың Ұлы күніне орай "Қош келдің, әз Наурыз" атты кітап көрмесі


19-03-2025, 10:46
Автор: akbota
19  -  наурыз күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  Ұлыстың Ұлы күніне орай "Қош келдің, әз Наурыз" атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттап, жас буынды өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Көрмеге Халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, сондай - ак қазақтың бауырмалдық, қонақ жайлылық, сыйластық әдет –ғұрыптары төңірегінде толық мағлұмат беретін әдебиеттер қойылып, оқырмандарға таныстырылды.

Вернуться назад