DataLife Engine > Жаңалықтар > «Елдігіміздің жүрегі- Астана»

«Елдігіміздің жүрегі- Астана»


25-06-2015, 17:28
Автор: akbota
     2015  жылы 25 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында Астана күніне орай «Елдігіміздің жүрегі- Астана» атты кең ауқымды көркемделген кітап көрмесі ашылды.
      Кітап көрмесі «Елбасы және Елорда», «Мәңгілік Елдің арқауы - Елорда»,«Шабытыма қанат берген Астана», «Астана-кемел істердің алтын тұғыры», «Мерейі асқақ Қазақстан» атты Астана жайлы толық та тың ақпарат беретін кітаптар топтамасы қойылған 5 тақырыптық бөлімнен тұрды.
      Көрменің мақсаты Астана туралы тарихи мәлiметтердi ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ісіне үлес қосу және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, сол арқылы ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
     Оқырмандар назарына Елордамыздың тарихы мен бүгінгі болмасынан сыр шертетін әдебиеттер қойылған.

«Елдігіміздің жүрегі- Астана»

«Елдігіміздің жүрегі- Астана»

 




Вернуться назад