DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған әдеби-әуезді кеш)

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған әдеби-әуезді кеш)


20-08-2015, 12:00
Автор: akbota
         2015 жылдың 20 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен мемлекеттік кіріс департаментінің   ұйымдастыруымен  кітапхананың 100 орындық лекция залында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, санаткері Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты әдеби-әуезді  кеш өткізілді.
        Кеш барысында  ұлы Абайдың өмір жолы және шығармашылығы туралы әңгіме өрбітіліп, оның бір қыры - сазгерлігіне кеңінен тоқталды. Ақынның өлеңдерін жастар жатқа айтты. Абай атамыздың әні мен күйінің майын тамызған, бір топ өнерпаз жастар «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ»,  «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем, Қаламқас», Көзімнің қарасы» т.б. әндері мен «Тор жорға», «Абайдың желдірмесі» күйлерін нақышына келтіре орындап, тыңдарман көңіліне ұсынды.
      Кешке қаламыздағы облыстық «Кіріс  Департаменті» қызметкерлері мен кітапханашылар, жоғары, арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Кеш көпшілікке рухани қуаныш сыйлады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 


 

 




Вернуться назад