DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қазақстан Республикасының конституциясы - халық бірлігінің кепілі»

«Қазақстан Республикасының конституциясы - халық бірлігінің кепілі»


25-08-2015, 10:00
Автор: akbota

     2015 жылы 25 тамыз күні сағат 10-00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы - халық бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

     Қазақ елінің тарихында 5 рет Конституцияқабылданған. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған.

     Конституция өмірдің барлық саласындағы іргелі реформаларды жүргізудің негізіне айналды. Жүргізілген реформалардың арқасында біздің мемлекетіміз экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың орасан әлеуетін сәтті іс жүзінде асырып отырған құқықтық мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын айтарлықтай нығайтты.

     Дөңгелек үстелге қатысушылар: Н.К.Мыңжас.- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемелекеттік Университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Қардашов – Жас Отан жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы және кітапхананың тұрақты оқырмандары мен студенттер.

    Дөңгелек үстел басындағы кездесуде көп сұрақтар талқыланып, қорытындысында Ата Заңымыз біздің мемлекетіміз бен оның азаматтарына мінсіз қызмет етіп келетінне сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Вернуться назад