DataLife Engine > Жаңалықтар > Кітаппен бірге өсеміз

Кітаппен бірге өсеміз


25-08-2015, 11:00
Автор: akbota

   25 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаппен бірге өсеміз» айдарымен «Балалық балғын жүректен» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Назым» жеке балабақшасының бүлдіршіндері, балабақша меңгерушісі Алменбетова Бейбіт Әлімжанқызы және тәрбиешілер, ата-аналар қатысты.

   Мәнерлеп оқу шарасы барысында бүлдіршіндер қазақ балалар ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашы балғындарға кітапхана жайында айтты, «Жыңғылдар кітабы» ертегісінен үзінді оқып, соңынан «Маугли» атты ойын өткізді. Шара соңында балалар ән шырқап, би биледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Вернуться назад