DataLife Engine > Жаңалықтар > Отбасы – махаббат пен адалдықтың бұлағы

Отбасы – махаббат пен адалдықтың бұлағы


11-09-2015, 15:20
Автор: akbota

     Отбасы күні мерекесіне орай Әәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Отбасы – махаббат пен адалдықтың бұлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту, имандылықты насихаттау, рухани байлығымызды нығайту.

   Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю –отбасынан басталады. Себебі отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік – мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтық тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту.

   Көрмеге С.А.Ынтымақов «Отбасы құқығы», Ұ.Асыл «Әдептің ауылы алыс па?», Х.Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», Ш.Әділбаева «Семья өміріндегі әдеп және психология», А.Нүсіпоқасұлы «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» т.б. кітаптарымен қатар «Жарасымды жанұя»,  «Отбасы және балабақша»  журналдары  және  газет  беттеріне жарияланған мақалалар орналастырылды.

 

 

 

 

 



Вернуться назад