DataLife Engine > Жаңалықтар > Ынтымағы жарасқан елміз

Ынтымағы жарасқан елміз


14-12-2015, 11:53
Автор: akbota

11 желтоқсан күні № 264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейде Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ынтымағы жарасқан елміз» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет- ғұрпын сыйлауға үйрету. Шараға мектеп-лицейдің 2 «г» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Бимаханова Жарқынай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Карибаева А. және осы мектепте оқитын Қытайдан көшіп келген қазақ қызы, орыс, шешен, армян, түрік балалар қатысты. Мерекелік шара «Қонақжай думан», «Ән думан», «Қонақ кәде», «Ой думан», «Би думан» атты бөлімдерден тұрды. Балалар сахналық көрініс көрсетіп, би билеп, ән салды.


 

 

 

 


 


 




Вернуться назад