DataLife Engine > Жаңалықтар > «Көктөбедегі кездесу» шығармасына арналған әдеби шығармашылық кеш

«Көктөбедегі кездесу» шығармасына арналған әдеби шығармашылық кеш


28-01-2016, 16:19
Автор: akbota

       Кітапханада 28 қаңтар күні сағат 12.00-де Қазақстанның Халық жазушысы Қ.Мұхамеджанов пен «Адамзаттың Айтматовы» атанған Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу» шығармасына арналған әдеби шығармашылық кеш өткізілді.

      Шараның мақсаты - Қазақ пен Қырғыздың қос шынары атанған Қалтай Мұхамеджанов пен Шыңғыс Айтматовтың өмір жолы мен өнер жолын насихаттау. Ортақ туындының мән-мағынасы мен идеялық мазмұнына тоқталып, шығармада үлгі боларлық адами қасиеттерді жастарға көрсету.

    Кеш барысында драманың дүниеге келуіне Қ.Мұхамеджановтың ерен еңбегі сіңгені туралы Ш.Айтматовтың естелігі тыңдалды. «Көктөбедегі кездесу» драмасынан көрініс сахналанды. Ш.Айтматовтың драманың идеясына қатысты сөзі, «Халықтың Қалағасы» атты Қ.Мұхамеджановқа арнау оқылды. Қ.Мұхамеджановтың ағайындары естелік ойларын ортаға салды.


 


 



Вернуться назад