DataLife Engine > Жаңалықтар > «Өмір – өлең» атты жыр кеші

«Өмір – өлең» атты жыр кеші


11-02-2016, 15:57
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі  10 ақпан күні жыр дүлділі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Өмір –өлең» атты жыр кешін өткізді.

    Мақсаты:Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылықтарын ояту, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

    Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев ұланғайыр мұра қалдырып кетті. Жыр кешінде өмірге  іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын туралы сыр шертіліп, оқырмандар Мұқағали әлеміндегі өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шекті.

   Жыр кешіне №264 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары, №3 мектеп-лицейдің , №2 «Мұрагер» мектебінің, №15 мектеп-гимназияның, №7, №12 І.Қабылов атындағы, №189, №222 орта мектептің,  №6 есту қабілеті нашар  балаларға  арналған  түзету мектеп-интернатының  оқушылары, сонымен қатар қаңтар айында өткен ҮІІІ-Республикалық «Жырлайды жүрек» атты  Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін  оқудан балалар арасында «Көркем сөз» номинациясы  бойынша  жүлделі орын алған  оқушылар қатысты. Балалар  М.Мақатаевтың өлеңдерін,  өздерінің ақынға арнаған  арнау өлеңдерін жатқа оқыды.  Шара барысында №264 мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының өнерпаздары   ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, «Көркем-ай» би тобы өз өнерлерін көрсетті.

     Залда «Өмірге шуақ төккен өлеңменен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған  бейне-ролик, «Менің анкетам» өлеңі бойынша көрініс және  слайд  көрсетілді.


«Өмір – өлең» атты жыр кеші

 

«Өмір – өлең» атты жыр кеші

 

«Өмір – өлең» атты жыр кеші

 

«Өмір – өлең» атты жыр кеші

 


 


Вернуться назад