«Нұр Наурыз – халық тойы»
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Нұр Наурыз – халық тойы» атты сайыс ұйымдастырылды. Оның мақсаты - халықтың ұлы мерекесін тойлау, оның тарихи маңызын түсіндіру, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын дәріптеу арқылы жастарды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Наурыз - парсы сөзі. Бұл «жаңа күн» дегенді білдіреді. Оның мәнісі мынадай: 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңеседі. Сонан кейін күн ұзарып, ағаш бүршік жарып, шөптер қылтиып, малдар төлдеп, дүние жасарып, жаңаланады. 22 Наурыз мейрамы – ұлттық салт-дәстүр, ойын-сауығымыз түгел қамтылатын жыр-думан.
Мерекелік іс-шараға көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі, «Болашақ» колледжі, «Жас өркен» колледжері қатысып, мына кезеңдер бойынша сайысқа түсті.
1. Ұлттық киімдер шеруі
2. Өнер көрсету (ән немесе би)
3. Ұлттық салт-дәстүрден сахналық көрініс (10 минуттық)
Қатысушылар сайыс шартына орай ұлттық киімдер шеруін көрсетіп, ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Халқымыздың «қыз ұзату», «келін түсіру», «тұсау кесер» атты салт-дәстүрлерін шебер сомдап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен «Болашақ» колледжі қазылар алқасының шешімімен 1-ші орынға лайық деп танылды. «Жас өркен» колледжі 2-ші, көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» 3-ші орынға ие болды.
Іс-шара тақырыбына орай:
1. «Наурыз тойым – мерекем»
2. «Салт-дәстүрім – берекем»
3. «Халықтың қадір тұтар дастарханы»
4. «Қолөнер – сырлы өнер» атты бөлімдерден тұратын кітап көрмесі жасалды.
Вернуться назад