1999 жылы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың есімі берілді
14-06-2012, 03:38
Автор: toweb.kz

2012 жылдың 17 ақпан күні ақын Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналып «Жырлайды жүрек» атты әдеби кеш өтті. №7 орта мектептің 8 «г» сынып оқушылары қатысты. Кешті 8 «г» сыныбының жетекшісі Шамахова Гүлбану «Арнау» өлеңімен ашты. Мәдени шарада ақынның өлең, поэмалары оқылып, «Толағай» поэмасынан қойылым көрсетілді. Сонымен қатар №7 орта мектебінің «Ремти» тобы және «Өнер қырандары» атты КВН командасы өз өнерлерін көрсетті. Шараға №4, №12,140, 233 орта мектептердің оқушылары қатысты.
Кітапхана фойесінде «Жұлдыз шашқан жырлар» атты кең көлемді суретт кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Вернуться назад