DataLife Engine > --- > Мәмек батыр

Мәмек батыр


4-05-2015, 11:01
Автор: akbota

     Ел аузындағы аңыздарда ХҮІІ ғасырдың соңына қарай Түркістан өңірінде туған, ХҮІІІ ғасырдың 70-80 жылдары өмірден өзған Мәмек батырдың тумысынан өте ірі денелі, кең маңдайлы кісі болғандығы айтылады.

«Боралдайдың бойында,

Қазы, Мәмек шабылды.

Қалмақтардың зұлматын

Арқада естіп Бөгенбай,

Қарт бурадай шабынды».

Шәді төре Жәңгірұлының Абылай хан өміріне арналған «Тарихат» атты дастанында:

Қазыбек қаз дауысты, Ер Жәнібек,

Бөгенбай қанжығалы, қоңырат Мәмек,

Уақтан – Сары, Баян, қыпшақ Шорман,

Арғыннан – Жолай палуан, найман Төлек – деп би-болыстарды тізбелеген жыр жолдары бар.

Осы дастанның «Жорық» атты тарауы:

Мекені Қаратауда Қоңырат елі,

Атырабы Түркістанның жүрер жері.

Алатау басындағы манаптармен,

Арасы бітіспеген дұшпан еді.

Қоңыраттың ішіндегі шыққан даңқы,

Қарияның Қазы Мәмек еді аты.

Аталған Бабабөген бір өзенде,

Жаз жайлап отырушы ед оның халқы – деп басталса, баяндау:

Аттанып Қаратауға манап барып,

Қоңыратта Қазы Мәмек елін шауып.

Олжалап дүние-малын әкетіпті,

Хабарсыз жатқанында уақытын тауып,

Мөр басқан қариядан қағаз келді, - деген Абылай хан сөзі жолдарымен жалғасқан. Мәмек батыр аты жырда сегіз рет аталып өткен.

     Шәді төре дастанында сөз болған ел ағасы Мәмек батырдың күмістен жасалған, араб жазуында бедерленген мөрі осы күндері Әбдіғаппар аулында тұратын оның ұрпақтарының бірі Ақтанұлы Әшірбайдың үйінде сақтаулы. Ұрпақтары қолында Мәмек батырдың туы, қылышы да болыпты.

     Батырдың шөпшегінің баласы, ардагер-ұстаз Серікбайдың айтуынша, көнеден қалған мұра дерлік осы бұйымдары құран кітаптарымен бірге сандыққа салынып, сыртынан киізбен оралып, 1938 жылдары Кейден ауылы солтүстік бетіндегі «Тайпақ көл» жерінде көмілген. Соңғы уақыттарда біршама ізделінгенімен бағалы тарихи жәдігерлер табылмаған.

     Ел ағасы болған жаужүрек батырдың ұлы Тайлақтың Ағымбай, Көңбас, Орман атты балаларынан тараған ұрпақтары бұл күнде Жаңақорған жерінде өсіп-өнуде.



Вернуться назад