DataLife Engine > --- > ЖАНАЛИЕВ СЕЙТМАҒАМБЕТ

ЖАНАЛИЕВ СЕЙТМАҒАМБЕТ


4-05-2015, 16:30
Автор: akbota

     Жаналиев Сейтмағамбет 1890 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. 1910 жылдан бастап еңбек ете бастады. 1928 жылдан 1939 жылға дейін «Құмсай» ауылшарушылық артелінде істеді. Одан кейін 1940-1950 жылдары Чкалов атындағы колхоздың, ал 1957 жылдан «Арал» совхозының жылқышысы. 1959 жылы зейнетке шықты.

    Соғыстан кейінгі қиыншылығы мол кезде колхозда жұмыс істеген ол өзінің қажырлы еңбегінің арқасында құлын алуда ең жоғары көрсеткіштерге қолы жетті. 1948 жылы 53 биеден 53 құлын алып, аман өсіруді қамтамасыз етті, СССР Жоғары Советі Президиумы өзінің 1949 жылғы 31 қазандағы Жарлығымен С.Жаналиевқа Социалистік Еңбек Ері атағын берді.


Вернуться назад