DataLife Engine > --- > ҚАЗАНБАЕВА ШЫРЫНКҮЛ

ҚАЗАНБАЕВА ШЫРЫНКҮЛ


4-05-2015, 17:48
Автор: akbota

     Қазанбаева Шырынкүл 12 қыркүйек 1920 жылы Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері. Социалисттік Еңбек Ері (1972). 1940 жылы Шиелі МТС-ндағы 3 айлық тракторшылар курсын бітіріп ауданда 1-болып тракторға отырған әйел адам. Тракторға отырып, тәулігіне 20 сағаттан жұмыс істепті. Осылайша, Нартай ауылында әйелдер арасында темір тұлпарға отырған «тұңғыш механизатор» атанды. Шырынкүл Қазанбаева 60-шы жылдары – «дала академигі» атанған даңқты күрішші, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтан тәлім алды. Н.Бекежанов ауылында күріштің әр гектарынан 55 – 70 центнерден өнім алған. 1966 жылы есімі Қазақстанның Алтын кітабына жазылды. Бірнеше рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және ондаған медальдармен, социалисттік жарыстың алтын, күміс белгілерімен марапатталған.



Вернуться назад