DataLife Engine > --- > ТАСПАМБЕТОВА ЖАДЫРА

ТАСПАМБЕТОВА ЖАДЫРА


8-05-2015, 09:28
Автор: akbota

    Таспамбетова Жадыра 1954 жылы Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Ақтоған ауыланда дүниеге келген. Механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1982). Еңбек жолын «Қызылту» ұжымшарында трактор, комбайн айдаудан бастады. Егіс басында байқаусызда комбайн бункерінің шнегіне аяғы ілініп, мүгедек болып қалды. Ауруханадан шыққан соң протез салынған аяғымен қайтадан трактор руліне отырды. Жадыра Таспамбетова «Қызылту» және «Телікөл» кеңшарларында еңбек еткен жылдары үнемі алғы шепте болды. Таспамбетова Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ол туралы М. Күлімбетов «Жүрегінің жолдамасы» атты кітабын жазды, белгілі ақын Х.Ерғалиев «Қыз-қисса» дастанын жазса, ақындар Д.Байдрахманұлы мен Қ.Уәлішер де поэмаларын Жадыра Таспамбетоваға арнады.



Вернуться назад