DataLife Engine > --- > РОМАНОВ АЛЕКСАНДР ДМИТРИЕВИЧ

РОМАНОВ АЛЕКСАНДР ДМИТРИЕВИЧ


8-05-2015, 15:14
Автор: akbota

     Александр Романов 1922 жылы 18 қаңтарда Жаңақорған ауданының Төменарық селосында темір жол жұмысшысының отбасыңда дүниеге келді.

     Соғыстың басталған алғашқы күндерінде Александр әскери училищені бітіріп, майданға аттанды. Ал 1942 жылдың маусым айынан бастап қан майданға араласып кетті. Батыл да өжет офицер ұрыс кезінде өзінің жеке басының ерлігімен жауынгерлерді жеңіске рухтандырып отырды, Берлин-Лихтенрад майданында Романовтың ротасы өздерінен күші әлдеқайда басым жаудың 6 рет қайта шабуылына төтеп беріп, оларды көп шығынға ұшыратты. 1945 жылдың 23 сәуірінде Романовтың ротасы Тельт каналынан бірінші болып өтіп, дұшпанның плацдармын басып алды. Сөйтіп, жауынгерлердің кідіріссіз өтуіне жол ашты. Берлин көшесінде болған қиян-кескі соғыс кезінде Александр Романов ерлікпен қаза тапты.

     Отанға шексіз берілгендігі, ерекше ерлігі мен батылдығы, жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы ержүректілігі үшін лейтенант Александр Дмитриевич Романовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

     А.Д.Романов 1945 жылы 28 көкекте Берлин қаласының Бниндеп-Страссе кешесінде жерленген, кейін сол жерге ескерткіш қойылды.


Вернуться назад