DataLife Engine > --- > АБДУЛЛАЕВ ШӘДІБАЙ НҰРҒАЛИҰЛЫ

АБДУЛЛАЕВ ШӘДІБАЙ НҰРҒАЛИҰЛЫ


8-05-2015, 15:52
Автор: akbota

    Абдоллаев Шәдібай Нұрғалиұлы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылында 1928 жылы 5 ақпанда дүниеге келді. Ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1981), Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері (1966). 1956 жылы Алматы мемлекеттік институтын бітірген. Қызылорда облыстық ауруханасында дәрігер-хирург (1956-1958), облыстық аурухананың бас дәрігері (1958-1976), өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары әрі республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (1976-1977), Алматы мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі (1977-1995).

   Шәдібай Нұрғазыұлы медицина саласындағы оташылдық қызметі барысында он мыңнан астам операция жасады. Оның медицина саласындағы қызметі бағаланып, "Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер" құрметті атағы берілді. Ол өзінің кәсіби мамандығын жетік меңгерген, қарапайым, қатардағы дәрігер ғана емес, медициналық теорияға елеулі үлес қосқан білікті ғалым, жанашыл зерттеуші, дарынды ұстаз.

   Іш құрылысы ауқымындағы алуан түрлі аурулар жөніндегі зерттеулер бойынша профессор Шәдібай Нұрғазыұлы 250-ге тарта терең мазмұнды ғылыми еңбектерді жарыққа шығарып, ел игілігіне, Қазақстандық ғылымға жетістік ретінде қосты. Ол жазған төрт монографияда шұғыл оташылдылдықтың көкейкесті мәселелері тұжырымдалған. Ал 47 оқулық-әдістемелік талдамалар, 7 әдістемелік нұсқамалар дәрігердің кәсіби емдеу саласындағы біліктілігін ұштауға арналған. Профессор оташылдық ілім тұрғысында қазақ топырағында мемлекеттік тілде тұңғыш оқулық жазып, баспадан шығарды. Ол медицина ілімі, емдеу тәжірибе бойынша жаңашыл ұсынысты, бес авторлық куәлікті игерді.

   Шәдібай Нұрғазыұлы сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеген, үш докторлық, төрт кандидаттық диссертацияның қорғалуына ғылыми басшылық жасаған білікті ұстаз.

     Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1996 жылдың 12 наурызында "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

 



Вернуться назад