Құжаттарды электронды түрде жеткізу

Автоматтандырылған бөлім Қызылорда ОБӘҒК қорынан, жеке қолданушылардан құжаттың электрондық көшірмелеріне тапсырыс алады. Журналдарда басылған мақалалардың және кітаптың жеке фрагменттерінің электрондық көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар.

ОБӘҒК қорынан тапсырыс беру арқылы А4 форматында баспа құжатының тарау немесе басқа бөлігінің , мақаланың электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар (150 - 300 dpi tiff, pdf форматындағы қара-ақ графикалық бейнелеулер түрінде, сканерленген мәтінді айырып танусыз беттер). Көшірмелер оқырманның тұрақты мекен-жайына жіберіледі. Қызмет ақылы.

ОБӘҒК қорында деректеменің бар-жоқтығы тексерілгесін, тапсырыс берушінің мекен-жайына тапсырыс бағасы мен орындалу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі (ОБӘҒК баға анықтамалығы бойынша ). Ақша кітапхананың есеп -айыру шотына түскеннен кейін немесе төлем туралы құжат көшірмесі алынғаннан кейін тапсырыс орындала басталады. 

10 беттік көлеміндегі тапсырыс – 5 жұмыс күндік мерзімінде орындалады. 13.00 сағ. кейін жіберілген тапсырыс, келесі күннің тапсырысы деп саналады. Төленген құжаттың электрондық көшірмелері, тапсырушы көрсеткен e-mail мекен-жайына жіберіледі. Көшірме саны 10 беттен артық болса қосымша ақы туралы баға анықтамалығына сәйкес хабарлама жіберіледі.
Тапсырыс «Қазақстан Республикасының шектес және авторлық құқық Заңына» сәйкес орындалады.

ОӘҒК қорынан (журнал мен жинақтардан мақалалар, кітаптардың тараулары және т.б.), төменде көрсетілген нысанды толтырып құжаттың электрондық көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар. Тапсырыс tazhibaev_kitapkhana@mail.u электрондық поштасымен қабылданады.


ҚҰЖАТТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ  КӨШІРМЕ  ТАПСЫРЫСЫН  ТӨЛЕУ ҮШІН  РЕКВИЗИТТЕР:

Кәсіпорын атауы: Мемлекеттік  мекеме
«Ә.Тәжібаев атындағы  Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы»
Мекен-жайы: 120008, Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 82
БИН  990 140 003 903
Банк шотының  нөмірі (ИИК) KZ 910 703 022 732 503 001
Банк атауы: Қызылорда облысының Қазынашылық Департаменті
Банктің коды (БИК)  KKMFKZ2A

13 қаңтар 2015 ж. 03:30
8 қарау