DataLife Engine > Жаңалықтар > «Білім - ырыс қазығы»

«Білім - ырыс қазығы»


19-05-2016, 18:06
Автор: akbota

   19 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі депортаментінің ЗК-169/5 түзету мекемесінде көңілді сергітіп, ойды қозғау мақсатында «Білім – ырыс қазығы» атты интеллектуалды – танымдық сайыс өткізілді. Қай заманда да білімге құштарлық, білуге, ізденуге құлшыныс өмір талабы, табиғи және рухани қажеттілік, ол әр адамға шабыт тудырады. Интелектуалды – танымдық сайыс «Сейхун» және «Тұран» топ мүшелерінің арасында өтті. Сайысқа қатысушылар тарих, өнер – әдебиет, спорт, география салалары бойынша түрлі сауалдарға жауап беріп, «Сиқырлы кино әлемінде» атты бейнесұрақтарды шешуге белсенді араласты.

    Сайыс барысында белсене қатынасқан топ мүшелеріне Облыстық кітапхана директоры атынан алғыс хаттар табысталды және ЗК – 169/5 мекеме кітапханасына 295 дана кітап пен газет-журнал сыйға берілді.


Вернуться назад