DataLife Engine > Жаңалықтар > Болашақ архитекторлар, Сіздер үшін Шеберлік сабақ

Болашақ архитекторлар, Сіздер үшін Шеберлік сабақ


24-01-2020, 18:29
Автор: akbota

    24 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Креатив-территория» жобасы аясында жоғары сынып  оқушылары үшін шеберлік сабақ ұйымдастырылды. Сабақты Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының түлегі, архитектор саласындағы жас маман Әбдіқалық Бексейіт Қуанышұлы жүргізді.

    Сабақ барысында архитектор және дизайнер мамандығын таңдап отырған оқушылар көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарды қойып отырды. Жоғары оқу орындарына түсу үшін кәсіби даярлықты жетілдіру бағытында қандай кітаптар оқу қажет, қай бағытқа баса назар аударып, кімнің еңбектерін зерделеп қарау керектігі жайында айтылды. Оқушылардың сұрақтарына өз тәжірибесі негізінде жауап бере отырып, Әбдіқалық Бексейіт оларға нақты бағыт-бағдар беруге тырысты. Таңдалған мақсатқа қарай нақты, табанды түрде қадам басу керектігі жөнінде кеңес берді. Сызба жұмыстарының да қыр-сырларына ерекше тоқталып, өз жұмыстары үлгісінде көптеген мәліметтер берді.        

    Шеберлік сабағына сурет үйірмесіне қатысушылар, арт-студия мүшелері – жоғары сынып оқушылары қатысты.




 

Вернуться назад