DataLife Engine > Жаңалықтар > «Өлең тілдің әміршісі» поэзия сағаты

«Өлең тілдің әміршісі» поэзия сағаты


19-05-2020, 16:16
Автор: akbota

   2020 жылдың 19 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас ұрпақтың бойына поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу мақсатында  "Өлең тілдің  әміршісі" атты поэзия сағаты  ұйымдастырылды.

 Шара барысында «Самал», «Наурыз Бөбегі», №14 «Перизат» балабақшасының  бүлдіршіндері  қатысты. Қатысушылар қазақ ақын-жазушыларының адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған жерді сүюге тәрбиелейтін, балдәурен балалық шақты жыр еткен өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтты.

 

Вернуться назад