DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сұлу сөздің сүлейі – Сәкен сері» атты әдеби кеш

«Сұлу сөздің сүлейі – Сәкен сері» атты әдеби кеш


23-02-2024, 11:37
Автор: akbota
      Облыстық кітапханада 23 ақпан күні қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сұлу сөздің сүлейі – Сәкен сері» тақырыбында әдеби кеш өтті. Шараға №7 мектеп-лицейінің және Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Андақұлова, А.Тұрсынбаева, Г.Шынтасова қатысып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Шара барысында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушылары жазушыға арналған өлеңдерін жатқа оқыды. Жазушының шығармашылығына арнап «Көркем сөз шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Вернуться назад