DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік кеш

«Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік кеш


6-03-2024, 17:50
Автор: akbota
         Облыстық кітапханада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
       Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Несібелі Рахмет, республикалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, еліміз бойынша «Үздік қалалық мәслихат депутаты» төсбелгісінің иегері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Биқожаева Сәрсенкүл Бәйдешқызы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Сатлабаев Ахмет қатысып, ардақты аналар мен қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтады. Мерекелік кеште әннен шашу шашып, жыр жолдарын арнады.

Вернуться назад