DataLife Engine > Жаңалықтар > Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романына талдау

Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романына талдау


15-03-2024, 18:52
Автор: akbota
        15 наурызда облыстық кітапханада  қазақтың біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романына талдау ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ұлт қайраткерінің халқына жасаған өлшеусіз еңбегін оқырманға таныту, шығарманы талдай отырып жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
       Шараға «Орда» жоғары колледжінің оқытушысы М.Жаханова, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Б.Ибрагимова сондай-ақ студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар шығармаға өзек болған өз дәуірінің "қызыл жебесі", қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың  өсу, қалыптасу, кемелдену кезеңін, қиын өмірдегі күрделі тартыстардағы бейнесіне жан-жақты талдау жасап, өмірі мен туған ортасы, елі үшін жасаған қызметі туралы сөз қозғады.
         Шара соңында «Шындықтың шырақшысы» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.


Вернуться назад