DataLife Engine > Жаңалықтар > «Балалар әдебиетінің сырлы жазушысы» атты әдеби оқу

«Балалар әдебиетінің сырлы жазушысы» атты әдеби оқу


3-04-2024, 13:36
Автор: akbota
           3 сәуір  күні облыстық кітапханада қазақ балалар әдебиетінің дамуына өз шығармаларымен үлес қосқан жазушы С.Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің сырлы  жазушысы» тақырыбында әдеби оқу ұйымдастырылды.
             Мақсаты: Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
           Шараға  кітапхана оқырмандары қатысып, жазушы С.Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алды.            Сонымен қатар қатысушылар жазушының «Достар», «Бір отрядта», «Сәуленің жаңа достары», «Ақиқат», «Бір көшенің балалары», «Биіктен биікке», «Сынған тіс», «Шындық», «Көңілді балалар», «Ұстаз», «Сұлутөр» т.б шығармаларына талдау жасап, өзара пікір алмасты. «Жұмбақ қыз», «Тәмпіш қара» повестеріне  буктейлер және «Балға мен шеге» әңгіме желісі бойынша шағын қойылым койды.
           Шара соңында  «Балалар әдебиетінің саңлағы»  атты кітап  көрмесімен танысты.

Вернуться назад