DataLife Engine > Жаңалықтар > «Мені таңқалдырған кітап» атты оқырмандар конференциясы

«Мені таңқалдырған кітап» атты оқырмандар конференциясы


5-04-2024, 10:22
Автор: akbota
          5 сәуір күні облыстық кітапханада  балалардың  көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мені таңқалдырған кітап» атты оқырмандар конференциясы өтті.
        Шараға қаламыздағы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің, І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің,  С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің, Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің оқушылары қатысты.
         Қатысушылар өздерінің оқыған әлем және қазақ халқының озық шығармаларына тоқталып, алған әсерлері жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар оқушылар  бір-біріне  сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. Шара соңында « Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап көрмесін тамашалады.

Вернуться назад