DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жақсылық жаса - балаға» (қайырымдылық акциясы)

«Жақсылық жаса - балаға» (қайырымдылық акциясы)


18-03-2025, 10:57
Автор: akbota
18 наурыз күні облыстық кітапханада «Жақсылық жаса - балаға» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты - балаларға қамқорлық көрсету арқылы олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырып, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, қуаныш сыйлау.
Шараға қаламыздағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың  арнайы (түзету) мектеп-интернатының, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден  әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің  тәрбиеленушілері қатысты.
Шара барысында балаларға Т.Есетов  атындағы №264 мектеп, Ә.Тыныбаев атынды №11 мектеп, Ы.Алтынсарин  атындағы  №10 мектеп-лицейлері мен Аnsar-Kausar2020  және Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің оқушылары  мың бұралған би мен әсем ән орындап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.

Вернуться назад