DataLife Engine > Жаңалықтар > Ақиқат пен аңыз

Ақиқат пен аңыз


15-04-2015, 16:47
Автор: akbota

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ә.Нұршайықовтың«Ақиқат пен аңыз» шығармасына арналған оқырмандар конференциясы өткізілді.

Конференциясының мақсаты – Ұлы Жеңістің 70 жылдығын насихаттау, Ә.Нұршайықовтың шығармасына шолу жасай отырып,

Б. Момышұлының ерлік істерінен үлгі алу, әдебиет пен тарихты тану, оқырмандардың қызығушылығын арттыру.

Іс - шара Жазушы мен Батырдың өмір жолынан сыр шертуден басталды. Бейнебаяннан Б. Момышұлының өз үні естілді. Оқырмандарға ойтүрткі сұрақтар қою арқылы Батыр бойындағы қасиеттері: батылдығы, ақындығы және даналығы сөз етілді. Жазушының жазу шеберлігі талқыланды

Аталмыш іс - шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенттері қатысты.


Вернуться назад