DataLife Engine > Жаңалықтар > Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет


25-08-2015, 10:00
Автор: akbota

   15 тамыз күні ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандары арасында «Айбынды, айдынды Ата Заң» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Көрменің мақсаты: қоғамның барлық тыныс - тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана шешілетінін түсіндіру. Қолданыстағы Ата Заң - қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнатудағы, саяси - экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы жасампаз да өміршең құжат екендігін айқындайтын әдебиеттерді көпшілікке таныстыру болды. Тәуелсіз мемлекеттің басты құжаты - оның Ата Заң болғандықтан, оның қайнар көзі-ғасырлар қойнауындағы, ел аузындағы Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» шығармалары, Ұлы Дала көшпенділерінің әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі туралы, билер сотының рөлі, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жайлы әдебиеттер , Мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидалары жайлы әдебиеттер ұсынылды.

  25 тамыз күні сағат 10-00-де кітапханадаҚазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы - халық бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қазақ елінің тарихында 5 рет Конституцияқабылданған. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған.

    Конституция өмірдің барлық саласындағы іргелі реформаларды жүргізудің негізіне айналды. Жүргізілген реформалардың арқасында біздің мемлекетіміз экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың орасан әлеуетін сәтті іс жүзінде асырып отырған құқықтық мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын айтарлықтай нығайтты.

   Дөңгелек үстелге қатысушылар: Н.К.Мыңжас.- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемелекеттік Университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Қардашов – Жас Отан жастарқанаты қалалық филиалының төрағасы және кітапхананың тұрақты оқырмандары мен студенттер.

   Дөңгелек үстел басындағы кездесуде көп сұрақтар талқыланып, қорытындысында Ата Заңымыз біздің мемлекетіміз бен оның азаматтарына мінсіз қызмет етіп келетініне сенім білдірді.

 

 


 



Вернуться назад