DataLife Engine > --- > АЛДАМЖАРОВ БЕКДІЛДӘ

АЛДАМЖАРОВ БЕКДІЛДӘ


9-04-2015, 16:49
Автор: kitap

 

  1946 жылы 3 сәуірде Қызылорда облысындағы Қазалы ауданына қарасты №99 разъезде теміржолшының отбасында дүниеге келген. 
  Алғашқы өлеңдері 1960 жылы республикалық жастар газетінде «Сәт сапар» айдарымен жарық көрген. Ақын З.Шүкіровтің алғы сөзімен өлеңдері облыстық газетте жарияланған.

 

  1964 жылы он бір жылдық мектепті бітірген соң, Қазалы ауданының мәдениет бөлімінде бір жылдай қызмет істеген. 1965 жылы ҚазМУдің филология факультетіне оқуға түседі. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Жазушы» баспасында, Қазақ теледидары музыка редакциясында, «Жұлдыз» журналында қызмет істеген.

  «Нөсер» (1968), «Жыл мезгілдері» (1969), «Айлы түндер» (1970), «Нұр мен түнек» (1972), «Іздедім сені» (1977), «Мизам айы» (1982) атты өлең кітаптары, «Қара нөсер» (1981), «Жықпыл» (1985), «Ұлы сел» атты төрт томдық тарихи романының алғашқы екі кітабы (1988;1992) жарық көрген.

  Фирдоусидің «Шахнама» эпопеясының «Мәнушеһір» (1973) және «Кей Хосроу» (1976) дастандарын, грузин ақыны О.Челидзенің балаларға арналған «Алхан мен Шалхан» атты дастанын (1971) қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар А.Пушкин, А.Блок, П.Неруда, Е.Евтушенко, Б.Ахмадуллина, А.Вознесенский, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

     2012 жылы мамыр айында дүниеден өтті.

 


Əдебиеттер:

  Алдамжаров Б. Айлы түндер:Лирика. – Алматы: Жазушы, 1970. – 63 б. Алдамжаров Б. Жықпыл: Роман. – Алматы:Жазушы, 1985. – 400 б.

  Алдамжар Б. Күллиййат шығармалар жинағының көптомдығы. – Алматы, 2009. 

  Алдамжаров Б. Қара нөсер:Роман. – Алматы: Жазушы, 1981. – 280 б. Алдамжаров Б. Мизам айы: Өлеңдер. – Алматы:Жазушы, 1983. – 88 б.Алдамжаров Б. Нұр мен түнек: Поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1973. – 72 б. Алдамжар Б.Ұлы сел: Роман. – Алматы: Жазушы, 1988. – 384 б.

  Алдамжар Б. Ұлы сел:Төрт кітəбты рəуəййат-роман. – Алматы, 2009. –

  Алдамжаров Б. Іздедім сені: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1977. – 63 б.

***

  Алдамжаров Бекділдə //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы:Аруна, 2005. – 33 б.

  Алдамжаров Бекділдə //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 24 б.

  Алдамжаров Бегділдə //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 23б.

  Алдамжаров Бегділдə //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық.–Алматы:Жазушы, 1987.–22 б.

  Алдамжаров Бегділдə //Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 86 б.

  Алдамжаров Бегділдə //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 209 б.

  Арда туған асыл азамат: Белгiлi жазушы, публицист Бекдiлдə Алдамжаров дүниеден озды (қазанама) // Ана тiлi. - 2012. - 17 - 23 мамыр (№20). - 11 б.

  Есмағамбетов М. Əдебиеттi Алдамжаровша ревизиялау: [Б.Алдамжаровтың шығармашылығына сын] //Қазақ əдебиетi. - 2003. - 28 қараша (N47-48).- 15 б.

  Жиенбаев Қ. Ақын, романист əрi моторист: [Жазушы Б.Алдамжаров туралы] // Егемен Қазақстан. - 2000.- 26 сəуiр

  Құлиев Ж. Махамбетке арналған мипалау дастан: Б.Алдамжаровтың "Шұбар күн" дастанына сын / Ж.Құлиев // Ана тілі. - 2003. - 24 көкек (N16).- 8б.

  Тілегенов, Т. Бекділда Алдамжаров ақын Берқайыр Аманшиннің Махамбет мұраларын жинаудағы бүкіл еңбегін неге жоққа шығарады? / Т. Тілегенов // Атамекен. – 2003.- 9 мамыр (N 9).- 5 б.

Шәріп, А. "Өз даусымды естіртем" деумен өтті... [Мәтін] / А. Шәріп // Қазақ әдебиеті. – 2012. - 11 - 17 мамыр (№ 19). - 11 б.
    Жазушы Б.Алдамжаров дүниеден өтті.


 



Вернуться назад