DataLife Engine > --- > ӘЛІШЕВ ӘЛМӘМБЕТ

ӘЛІШЕВ ӘЛМӘМБЕТ


20-04-2015, 16:53
Автор: akbota
     Әлішев Әлмәмбет 1939 жылы 14 сәуірде Қызылорда облысының Қазалы ауданы Сағындық ауылында туған. 1974 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын орта мектепті бітірген соң Қазалы ауданындағы бұрыңғы "Октябрь» колхозында 1957 жылы шопандықтан бастаған. 1959 жылы Қазалы аудандық «Социалистік жол» газетінде корректор, 1960-1961 жылдары республикалық «Теміржолшы» газетінде әдеби қызметкер, 1961-1965 жылдары Қазалы аудандық комитетінде нұсқаушы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған. 1965-1972 жылдары Қазалы аудандық «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, 1972-1975 жылдары аудандық партия комитеті саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1975-1986 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

     1986 жылдан Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің редакторы. 1992 жылдан аудандық газетінің редакторы – баспа директоры болды.

     Өлең, әңгіме очерктерімен баспасөзде 1957 жылдан көріне бастады. Оның «Үрмаш Түктібаев» (1969), «Батыр болып тумайды» (1970), «Ат тұяғын тай басар» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Бәйтеректің бұтағы» (1981), «Замана екпіні» (1982), «Музыкальная душа» (1984), т.б. кітаптары жарық көрген. «Батыр болып тумайды» повесі латыш тіліне аударылған. «Құрмет белгісі» орденімен, ҚР Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы. 

 

Əдебиеттер:


  Əлішев Ə. Ат тұяғын тай басар: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1975. – 99 б. Əлішев Ə.Байтеректің бұтағы: Повестер. – Алматы.Жалын, 1981. – 296 б.Əлішев Ə. Батыр болып тумайды: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1970. – 132 б. Əлішев Ə.Үрмаш Түктібаев. – Алматы: Жазушы, 1969. – 26 б.

  Əлішев Ə. Шығармалары: Роман. Повесть. 1- том. Иірім. Батыр болып тумайды /

  Ə.Əлішев. - Астана: Фолиант, 2008. - 400 б. - (Сырдария кітапханасы)

  Əлішев Ə. Шығармалары: Роман. 2- том. Байтеректің бұрағы / Ə.Əлішев. - Астана: Фолиант, 2008.- 464 б. - (Сырдария кітапханасы)

***

  Əлішев Əлмəмбет: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын жазушыларының жинағы – Қызылорда:Алтын Орда, 2001. – 25 бет.

  Əлішев Əлмəмбет//Қазақ əдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна, 2005. – 93 бетте.

  Əлішев Əлмəмбет//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 68 б.

  Əлішев Əлмəмбет//Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 57 бетте.

  Əлішев Əлмəмбет //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 84 б.

  Əлішев Əлмəмбет //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 140б.

  Əлішев Əлмəмбет //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 211 б.

  Жүсіпов Б. Əлішев əлеміне саяхат //Жүсіпов Б. Жырдария: Ғылыми-танымдық мақалалар, эсселер мен сұхбаттар. - Алматы, 2009.- 2 -т.- 206-112 б.

  Əлішев Ə. Бес жылдық белес: Тұран-қазалы» газетінің шығарыла бастағанына 5 жыл. 

  Автор газеттің бас редакторы Ə.Əлішев // Сыр бойы. – 2008. – 1 қаңтар

  Досжан Д. Қайсарлық: Жазушы Əлмəмбет Əлішев – 70 жаста / Д.Досжан // Тұран- Қазалы. - 2009. - 4 наурыз; Егемен Қазақстан. - 2009. - 15 сəуір – 6 б.

  Досжан Д. Қиюын тапқан қисын: Қаламгер Ə.Əлішев туралы //Сыр бойы. – 2009. – 14 сəуір. – 3 б.

  Досжанов Д. Қиыншылықпен қоян-қолтық: Ə.Əлішев 50 жаста //Қазақ əдебиеті. – 1989. – 14 апрель. – 11б.

  Есмаханов С. Есею: Ə.Əлішев – 50 жаста //Ленин жолы. – 1989. – 18 апрель. Жалдыбаева С. Қайсар қаламгердің мерейтойы: Жазушы Ə.Əлішев 70 жаста //Тұран- Қазалы. – 2009. – 22 сəуір

  Жиенбай Қ. Туған жерден тамырүзбеген қаламгер: ЖазушыƏлмəмбет Əлішев 70 жаста //Тұран-Қазалы. – 2009. – 28 наурыз; Қазақ əдебиеті. – 2009. – 24 сəуір. – 10 б.

  Қаназ М. Туған жерде тұғыры //Жас Алаш. – 1999. – 15 сəуір. – 6б.

 Халықаралық Лев Толстой медалімен марапатталды: Белгілі жазушы, КСРО-ның жəне Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Əлмəмбет Əлішев халықаралық Лев Толстой медалімен марапатталды //Сыр бойы.- 2012. - 15 қараша. - 1 б.




Вернуться назад