DataLife Engine > --- > БАЯЗИТОВ САИД

БАЯЗИТОВ САИД


20-04-2015, 17:41
Автор: akbota
     1929 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Ұлты татар болғанмен, шығармаларын қазақ тілінде жазды. 1953 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. 1953–1957 жж. орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 1957–1961 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі, 1961–1963 жж. Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған.

     1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан балаларға арналған «Күтпеген кездесу» деген алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. «Арал Робинзондары» (1956), «Балақалам» (1959) әңгімелері, 1960 жылы ересектерге арналған «Тюльпандар гүл шашқанда» әңгімелері, «Хрусталь алқалар» (1965), «Айдарлыдағы кездесу» (1967), «Алтын кілт» (1976), «Құм қаланың қыздары» атты әдеби кітаптары жарық көрді. 1969 жылы Молдован жазушысы Раиса Лунгурдың «Марцишор» повесін қазақ тіліне аударған.

 

 

Əдебиеттер:


  Баязитов С. Айдарлыдағы айлар / С.Баязитов.- Алматы: Жазушы, 1967.- 132 б. Баязитов С. Алтын кілт / С.Баязитов.- Алматы: Жалын, 1976.- 171 б.

  Баязитов С. Құм қаланың қыздары / С.Баязитов.- Алматы: Жалын, 1981.- 136 б.

***

  Баязитов Саид Мақсұтұлы //Қазақəдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 121 б.

  Баязитов Саид //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 89 б.

  Баязитов Саид //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б. - Алматы: Ана тілі, 2004.- 74б.

  Баязитов Саид //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 37 б.

  Баязитов Саид //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 119-120 б.

  Баязитов Саид // Сыр елі.  Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы:  Қазақ энциклопедиясы, 2005.  –  160 б.

  Баязитов Саид//Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 101 б.

  Балалардың сүйіктіжазушысы Саид Баязитовтуралы //Ленин жолы. – 1989. – 5 апрель Жаппарұлы Ө. Туған жерiн ту еткен: ЖазушыСаид Баязитовтың туғанына80 жыл толуына орай // Қазақ əдебиетi.- 2010. - 4-10 маусым (№ 22). - 4 б.

  Жаппархан Ө. Балалардың сүйiктiжазушысы: Жазушы С.Баязитовтың туғанына 80 жыл толуына орай // Сырдария.- 2010.- № 3.- 152-154 б.

  Сəрсенбаев О. Баязитов 50 жаста. //Қазақ əдебиеті.-1979.-12 январь

  Тебегенов Т.Жасөспірімдердің жанашыры: Саид Баязитов –балалардың сүйікті жазушысы//Ленин жолы.- 1989. -5 апрель

  Шілдебаев Е. С.Баязитовтың шығармашылығына талдау //Ленин жолы.-1981.-21 июль



 

 


Вернуться назад