DataLife Engine > --- > ЖҰБАТЫРҰЛЫ САЙЛАУБАЙ

ЖҰБАТЫРҰЛЫ САЙЛАУБАЙ


22-04-2015, 13:10
Автор: akbota

 

    1948 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген ауылында туған. ҚазМУ-дің  журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақфильм»  киностудиясында, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма  театрында жауапты қызметтер атқарды. Тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек  сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» ә  әңгімесімен көрінді. 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар»  повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл  сағым» (1978), «Алыстағы аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше  ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жарияланды.
    «Қазақфильм» түсірген толық метражды көркем фильмнің («Бумеранг», 1981), Қазақ телевидениесі түсірген  «Күзгі жол» көркем телефильмінің (1987) авторы. Елуге тарта көркем фильмді аударған. «Абыржы» (2000–2003)  трилогиясының екі кітабы жарыққа шықты.

 

    1967 жылдан Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәселелерін көтерген экологқаламгер. «Кіші Арал», «Қазақстан арнасы»  идеяларының авторы. 2007 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. 2008 жылғы Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік  стипендиясының иегері.

 

Əдебиеттер:

   Жұбатырұлы С.Абыржы: Роман / С.Жұбатырұлы. – Қызылорда, 2000. Жұбатыров С. Алыстағы аралдар: Повестер. – Алматы: Жалын, 1980. – 248 б. Жұбатырұлы С.Үш томдық: Повестер / Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009. - (Сырдария кітапханасы)
   Жұбатырұлы Сайлаубай: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын- жазушылары шығармаларының жинағы / Құраст. К.Сағымбайұлы – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 60 б.
   Жұбатырұлы Сайлаубай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық -  Алматы: «Аруна», 2005.- 225 б.
   Жұбатырұлы Сайлаубай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 169 б.
   Жұбатырұлы Сайлаубай  //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 134 б.
   Жұбатырұлы  Сайлаубай  //  Сыр  елі.  Қызылорда  облысы:  Энциклопедия  /  Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 242-243 бет.
   Абылаев Т. Ақ желкен: Жазушы С.Жұбатыров 60 жаста //Ақмешіт апталығы. – 2008. – 10 сəуір
   Аралдың асқақ перзенті Сайлаубай: Эколог жазушы, көркемсөзші журналист С. Жұбатырұлы туралы // Сыр бойы.- 2008. - 12 қаңтар
   Аяшүлы Д.Табиғат тамыршысына айналған талант: Эколог-жазушы С.Жұбатырұлының 60 жылдығына орай іс-шара өткізілді / Д.Аяшүлы. // Сыр бойы.- 2008.- 12 сəуір
   Əмиша Н.Теңіз тақырыбына қалам тербеткен: Жазушы эколог С. Жұбатырұлы туралы / Н.Əмиша. // Айқын.- 2008. - 16 сəуір
   Батталова А. Мемлекеттік стипендиялар тапсырылды: Əдебиет қайраткерлері И.Оразбаев, Т.Нұрмағанбетов, С.Жұбатыровтар иеленді //Сыр бойы. – 2009. – 14 қаңтар Жұбатырұлы С."Адам əрдайым арының алдында таза болуы керек": Эколог-  жазушы, публицист С.Жұбатырұлымен сұхбат / Сұхб. Н.Саниязова // Халық. - 2008. - 10 қаңтар.- 4б.
   Жұбатырұлы С.Əдебиет əлемі...əдемі:  Жазушы С.Жұбатырұлымен сұхбат/ Сұхб. М.Байғұт  // Егемен Қазақстан. - 2008. - 11 қараша
   Жұбатырұлы С.Мен ешқашан еңбегімді, маңдай терімді саудалаған емеспін: Эколог-жазушы Жұбатырұлы 60 жаста/ С.Жұбатырұлы // Ақмешіт апталығы.- 2008.-17 қаңтар.-1-2 б.
   Жұбатырұлы С. Теңіз тебіренткен талант: Жазушымен сұхбат / Сұхб. Ə.Үмбет //Ақмешіт ақшамы. – 1998. – 3 қаңтар
   Мемлекеттік стипендия иегерлері: 50 əдебиет жəне өнер қайраткерлеріне мəдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар берілді. Тізім // Егемен Қазақстан. - 2009. - 10 қаңтар
   Орынбаев А. Кел, теңіз, сырласайық: Жазушы, «Парасат» орденінің иегері С.Жұбатыровтың монологы //Ақмешіт апталығы. – 2008. – 10 сəуір
   Өтепов К. Жүйелі сөз жан жадыратар: Жазушы С.Жұбатыровтың «Теңіздің тағы бір тағдырлы сəті» атты мақаласынан соң //Сыр бойы. – 2007. – 2 қазан
   Рахымбекұлы Ə.Теңіз тектес туынды: Жұбатырұлы Сайлаубайдың "Абыржы" кітабы туралы ой толғау / Ə.Рахымбекұлы. // Сыр бойы.- 2003. - 2 желтоқсан Рахымбекұлы Ə. Теңізбен тел өскен азамат: немесе Сайлаубай Жұбатыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мөлтек сыр //Сыр бойы. – 1998. – 15 қаңтар
   Серіков Б. Жас жиһанкездер: С.Жұбатыровтың «Алыстағы аралдар» кітабы жайлы //Қазақ əдебиеті. – 1981. – 20 нояб.
   Тағдырым теңізбен тағдырлас: Осы тақырыпта жазушы-эколог С.Жұбатырұлының 60 жылдығына орай Ə.Тəжібаев атындағы облыстық кітапханада кездесу кеші өтті // Сыр бойы.- 2008.-1 ақпан
   Теңізбен тағдырлас талант: Жазушы Сайлаубай Жұбатыров туралы //Сыр бойы.- 2004. - 24 ақпан

 


Вернуться назад