Желкілдек батыр

1745 жылы Сыр бойында жоңғарлармен үлкен шайқас өтті. Желкілдек батыр жекпе-жекте жоңғардың атақты батырын жеңіп, жоңғарларды сыр бойынан ығыстырды.
Ер қанаты жылқы ғой, Желкілдектің жүйрік бәйге торысы болған. Қалмырза Жылқының жанын түсінген, жайын білген сенімді Қалмырза деген атқосшысы аттың маңайына өзінен басқаны жақындатпаған. Қасында жатып, қас- қабағына қарап отырған. Батырдың қай кезде мініп, қай кезде оралуын бағып, соған қызмет жасаған. Сол сезімтал арғымақ Желкілдек пен Қалмырзадан басқаны жанына жуытпаған. Батыр қайтыс болғанда байлаулы жылқы бас жібін үзіп, бейітіне қарай шаба берген, көзін жас алып, күрсіне кісінеп, жоқтаған деген де көненің әңгімесі бар. Сөйтіп көп ұзамай жылқы да өлген. Ел оны да батырларша арулап жерлеген екен.
Желкілдек батыр Қожа Ахмет Яссауиге жерленгені жөнінде А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты Х.Маханов растап берді. Жалпы онда қазақтың 21 ханы, 130-дан аса батырлары жерленгені анықталған.
Вернуться назад