DataLife Engine > --- > ЕРЖАНОВ НАҚЫП

ЕРЖАНОВ НАҚЫП


4-05-2015, 16:05
Автор: akbota

     Ержанов Нақып  1887 жылы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (23.7. 1948). Еңбек жолын 1930 жылы ұйымдастырылған «Талап» ұжымшарында жылқышы болып бастады. Қызылқұм ішіне жасырынған бастамашылардың шабуылына тойтарыс баруге қатысты. 1937 жылы жылқы фермасына меңгеруші болып тағайындалды. Ол бар күш- жігерін артельдің қоғамдық байлығын арттыруға жұмсады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Ержанов бастаған жылқы фермасының ұжымы атты әскерлерге бірнеше жүз сәйгүліктер жіберді. 1946 жылы 50 биеден 50 құлын, 1947 жылы 60 биеден 60 құлын, ал 1948 жылы 80 биеден 80 құлын алып, аман өсірді. Мал шаруашылығын өркендетудегі еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1948 жылы 23 шілдедегі жарлығымен Социалисттік Еңбек Ері атағы берілді. Нақып Ержанов 1962 жылы қайтыс болды.

<!-- EndFragment -->

Вернуться назад