DataLife Engine > --- > РЫСҚАЛОВ БАҚЫТ

РЫСҚАЛОВ БАҚЫТ


8-05-2015, 09:08
Автор: akbota

   Бақыт Рысқалов 1902 жылы Қызылорда облысы Амандыкөл ауылдық Советінің құрамына енген ауылда туған. 1921 жылдан 1937 жылға дейін «Амандыкөл» балық аулау колхозында балықшы, ал 1937 жылдан кейін бригадир болды. 1938-1941 жылдары «Бұғын» балық заводының директоры болды. 1941 жылы Арал ауданының Тастүбек балық аулау колхозының председателі болып сайланды. 1948 жылы 110 биеден 107 құлын өсірген. 1953 жылдан 1955 жылдың тамыз айына дейін Бұғын ауылдық Советі атқару комитетінің председателі қызметін атқарды.

   Б.Рысқалов 1937 жылдан бастап ауданда үздіксіз басшы қызметтерін атқарды. 1938 жылы бірінші шақырылған Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Оны «Бұғын» балық заводына директор етіп тағайындады. Колхоз күрделі құрылыстар жүргізуге мүмкіндік алды. Радио торабы, электр станциясы, 7 мал қорасы, автомашиналар, 3 моторлы кеме сатып алды, клуб, монша, балалар бақшасы, балықшылар қостары сияқты мәдени-тұрмыстық мекемелер салынды.

   СССР Жоғары Советі Бақыт Рысқаловтың қоғам алдындағы еңбегін жоғары бағалады: СССР Жоғары Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Сондай-ақ ол «Құрмет белгісі» орденімен, мақтау грамоталарымен, «Қазақ ССР ауылшаруашылығының озаты» белгісімен марапатталып, сан рет бағалы сыйлық алды.

   Б. Рысқалов 1953 жылы Бұғын ауылдық Советіне депутат болып сайланған, 1955 жылға дейін ауылдық Совет атқару комитетінің председателі қызметін атқарды. Сондай-ақ Қызылорда облыстық партия комитетінің мүшесі, Қазақстан Компартиясының IV, V және VI съездеріне делегат болып сайланған.

   1955 жылы қайтыс болды.



Вернуться назад