DataLife Engine > --- > ШАЛАБАЕВ МҰРАТ

ШАЛАБАЕВ МҰРАТ


8-05-2015, 11:24
Автор: akbota
     Мұрат Шалабаев  1896 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. 1939 жылдан 1957 жылға дейін Амангелді атындағы колхозда шопан, аға шопан, қой фермасының меңгерушісі, ал 1957 жылдан кейін «Приаральск» совхозында шопан болды. Қарапайым еңбеккер малға жем-шөп дайындауды,  суаттарды реттеуді, қора-қопсыны дер кезінде жөндеуді бір сәт естен шығармады. 1948 жылы ол отарындағы 407 қазақы тұқымды саулықтан 530 қозы алып, айрықша зор табысқа жетті. Сол жылы алынған қозыларды әр жүз саулыққа шаққанда 130-дан айналдырды. Отардағы әр қозы енесінен ажыратылғанда 42 килограмнан салмақ тартты. Бұл – үлкен жетістік еді. СССР Жоғары Советі Президумының 1949 жылғы 31 қазандағы Жарлығымен М.Шалабаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Вернуться назад