DataLife Engine > --- > ЖАНЗАҚОВ ӘБДІҚАБЫЛ ҒАПУРДИНҰЛЫ

ЖАНЗАҚОВ ӘБДІҚАБЫЛ ҒАПУРДИНҰЛЫ


8-05-2015, 16:43
Автор: akbota

    Жанзақов Әбдіқабыл Ғапурдинұлы - кәсіпкер. 1957 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Жамбылдың гидромелиоративтік институты мен Мәскеудің бизнес-технология университетінің Қызылорда филиалын бітірген. 1987-1995 жылдары құрылыс мекемелерінде басшылық қызметте, 1995-1997 жылдары «Ай-Дан» ЖШС-нің бас директоры болған. Осы жылдары Қызылорда қаласында тұңғыш ұн зауыты, нан зауыты, құс фабрикасын іске қосып, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етті.

   «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке – 10 жыл», «Аттан» медальдарымен марапатталған. Қазір «Ай-Дан»-инвест ЖШС-нің бас директоры. 2007 жылдың 25 желтоқсанында үздік кәсіпкерге Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді.



Вернуться назад