DataLife Engine > --- > НЫСАНБАЕВ ӘБДІМӘЛІК

НЫСАНБАЕВ ӘБДІМӘЛІК


8-05-2015, 17:24
Автор: akbota

  Нысанбаев Әбдімәлік 1937 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қарауылтөбе аулында туған. Ғалым, философия ғылымдарының докторы (1977), профессор (1980) ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақстанның еңбегі сіңген ғылым мен техника қайраткері (1994), Қырғыз Республикасының еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1995). Қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1960). 1960-1961 ж. КСРО ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға лаборант, 1961-1976 ж. Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан Философия және құқық институтының (қазіргі Философия және саясаттану институты) директоры. Сонымен қатар 1997-2003 ж. "Қазақ энциклопедиясы" баспасының Бас редакторы қызметін қоса атқарды. Ә.Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеуметтік және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады. Ә.Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген. Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның (1984) жєне Түркияның (1999) Мемлекеттік сыйлықтарын, ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлықтарын алған (1998), "Отан", "Парасат" (2004) ордендері (1998) мен бірнеше медальдармен марапатталған. 2005 ж. "Философ Нысанбаев" атты деректі фильм жарық көрді. 1999 жылдың 16 шілдесінде "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілген.



Вернуться назад