Сейдуллаұлы Жеңіс

Жеңіс Сейдуллаұлы – Қармақшы ауданы, Төретам бекетінде туған. Әнші-сазгер. Шымкент қаласындағы музыка училищесінің композиция және музыка теориясы бөлімін, Республикалық эстрада студиясының ән айту бөлімін бітірген. 1984 жылы Республикалық «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблінде артист-инструменталист; 1984-1987 жылдары Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің оркестрінде әртіс; 1989-1994 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Арқас» ансамблінде әртіс; 1994-1997 жылдары Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінде бас дирижер болды. 1997-2005 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының «Арқас» ансамблінде әнші-ұйымдастырушы; 2005 жылы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Вернуться назад