Ауыл шаруашылығы

    Облыс өңірі суармалы егіске және шөл мен шөлейтті жайылымдық жері мол аймақ. Оның өн бойын Сырдария өзені қақ жарып өтеді де екі жағын ылғалмен қамтамасыз етеді. Бұрын дария суынан нәр алып, айдында балығы тулаған, жағасында төрт түлік мал маңғырған 1300 үлкенді-кішілі көлдер болды. Қаратау,Қарақұм,Сарысу аймақтары да мал үшін шүйгін жайылым.

    Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, негізінен дәнді дақылдарды өндірушілер, олардың үлесіне астық өндірісінің 77%-ы тиесілі, картоп пен көкөністі шаруа қожалықтары, ЖШС-тер өндіреді. Сонымен қатар, ет өндірудің 98%-ы, сүттің 99%-ы да солардың үлесінде. Көпшілік тұтынатын өнімнің ауыл шаруашылық өндірісіндегі үлесі 1996 жылы 50% болса, 2004 ж. 77%-ға жетті.

    Ауыл шаруашылығында тұрақты жағдай қалыптасып, яғни ауыл шаруашылығы өндірісі кеңейіп, ондағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайы жақсарды. Ауыл шаруашылығын диверсификациялау, майда шаруашылықтарды біріктіріп, ірілендіру жұмыстары жүргізілді.

Сырдария өңірінде мал өсірумен бірге ел егіншілікпен де ерте заманнан бері айналысқан. Бірақ ол жылдардағы егіншіліктің аумағы, өнімі жайлы деректер мен мәліметтер сақталмаған. Тек Кеңес өкіметі кезінде ауыл шаруашылығын түгелдей ұжымдастыру жылдарынан бастап мәліметтер толық сақталған. 20 ғ-дың ортасына дейін ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының үлесі басым болды.

  Облыс ауыл шаруашылығын оның ішінде егін шаруашылығын одан әрі дамытуда 1966 ж. Кеңес Одағы көлемінде жерді мелиорациялау туралы ауқымды жұмыстың қолға алынуы үлкен себін тигізді. Мемлекет облыстың суландыру ісіне 1966-70 жылдары 379 млн. Сом бөлді. Соның нәтижесінде осы жылдарда 46,1 мың га жер инженерлік жүйеге келтірілді. 2,2 мың га жер қайта өңделді. 1970 ж. Облыстағы күріш егістігінің жалпы аумағы 62,3 мың га-ға жетті.

  Жоғары өнім үшін күреске жекелеген күрішшілер ғана емес тұтас еңбек ұжымшары, бригадалар мен шаруашылықтар қосылды. Тереңөзек ауданының «Шіркейлі», «Тереңөзек», «Ильич», Жалағаш ауданының «Мәдениет», Қармақшы ауданының III Интернационал, Энгельс, Қазалы ауданының 22 партсъезд, Сырдарияның МИС, Шиелінің «Гигант», «Төңкеріс» т.б. шаруашылықтары жоғары көрсеткіштермен танылды.

  Көкөніс өсіруде өндірісті шоғырландыру мен мамандандыруға, жылыжай шаруашылығын дамытуға, синтетикалық жапқыштар қолданып, жұмысты бірте-бірте механикаландыруға бағыт ұсталды. Сөйтіп, көкөніс мен картоп өндіруді ұлғайтуға нақты шешім қабылданды.

  Облыс экономикасында күріш шаруашылығы негізгі рөл атқарады. Облыс халқының, әсіресе ауыл тұрғындарының негізгі тамақ өнімдеріне жататын, күріштің тұтыну стандарты республика бойынша жан басына есептегенде бір жылға 8 кг-нан келсе, облыс тұрғындарының бұл өнімді тұтыну көлемі 13 кг-ға жетеді. Республика бойынша өндірілетін күріштің 80%-ы Қызылорда облысында өндіріледі. Жалпы, облыста өндірілетін негізгі дақыл –күріш дүниежүзілік стандартқа сәйкес өңдеп шығаратын өңдеу орындары жеткілікті.

    Облыста нан және макарон өнімдерін шығаратын кішігірім 38 және «Береке нан» АҚ бар. Қазіргі кезде облыста дәнді дақылдарды сақтау және қайта өңдеуден 2 элеватор, 8 астық қабылдау пункттері айналысады. Олардың жалпы сыйымдылығы 572,1 мың тоннаны құрайды.

    Қызылорда қаласында халқын өсімдік майына қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Облыста тәулігіне 3500 шартты консерві өнімдерін өңдейтін «Казсельхозсервис» өндірістің кооперативі мен қуаттылығы тәулігіне 14 т. Бақша өнімдерін өңдейтін «Рауан» ЖШС бар.

    Ауыл шаруашылығы өндірісі құрамындағы өсімдік шаруашылығының үлесі 2000 ж. 60%-дан 2004 ж. 65%-ға дейін артты.

1. О. Қосанов, С.Қосанов  Экология  терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.

27 сәуір 2015 ж. 14:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: