Облыс өнеркәсібі

   Облыс аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі, әртүрлі бағалы кен байлықтарының болуымен ерекшеленеді. Облыстың жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Сыр өңірінде түсті металдың, мұнай-газдың, ванадий, құрылыс материалдары мен рудасыз шикізаттың мол қоры жеткілікті. Отын-энергетикасы қазбаларға мұнай мен газ, жанғыш тақталас пен магний, т.б. жатады. Шалқия кенішінде руда құрамында 14-тен астам сирек кездесетін металдар бар. Шиеліде республикамыздың уран қорының 17%-ы шоғырланған. Бокситтер, титан-цирконий минералы, аз мөлшерде алтын кен орындары бар. Арал өңірінің қазақстандық бөлігі мен Қаратаудың тауалды жазығындағы рудалардың келешегі зор. Облыс жерінде гипстің екі кен орны Сұлутөбе мен Жаңақорғанда орналасқан.

   Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші облыстарының біріне-Қызылорда облысы да жатады. Облыс жерінде мұнайдың Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ, Қызылой, Ақсай-Нұралы,Ақшабұлақ,Бектас т.б. кен орындары ашылған. Қазір бұл өңірде шетелдік инвесторларды тартып, көптеген мұнай-газ өндіру фирмалары жұмыс істеуде. Олардың бір жағынан жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етуде біршама маңызы зор. 2004 жылы мұнай саласында 2772 адам жұмыс істесе, қазір (2004) 2968 адам еңбек етеді. Жылдан-жылға мұнай өндіру көлемі ұлғайып келеді.

  Облыс аумағында көмірдің бар екендігі туралы алғашқы мәлімет 1848-49 ж. А.И.Бутаковтың «Арал» экспедициясы күнделігінде көрсетілген. Бұл өңірдің саздауытты-тұзды жерлерінен көмір қаьаттары табылған. Кейінгі геологиялық барлау көрсеткендей көмір қабаты 30 м-ден 200 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр. Қабатаралық көмір қалыңдығы 27м, жылу коэф 4400 килокалория, күлділігі 30-35%. Көмір құрамында германий көп. Солтүстік батыс Арал өңіріндегі көмір қабаттың алып жатқан аумағы 25 мың км2, болжамды қор шамамен 100 млн т-ға жуық. Көмірдің көп қорын іздеу мақсатында келешекте 1000-1200м тереңдікте бұрғылау көзделіп отыр.

Облыстың жері құрылыс материалдарының көптеген түрімен жақсы қамтамасыз етілген. Әсіресе, құрылыстың құм, саз, құрылыстық саз, әктас, қыштық шикізаттар мен гипс молынан кездеседі. Кварц құмдары жоғары эоцен шөгінділерінің қабатынан анықталды. Басты анықталған жері Арал теңізінің солтүстігіндегі Сексеуіл станциясы маңындағы Құмсай. Онан кейін Тасбөгет, Құмсағыз кен орындары ашылды. Олардың негізінде Арал шыны заводы жұмыс істейді.

   Құрылыс тасы ретінде Жаңақорған кенішінде доломиттің мол қоры барланған. Ол бетон дайындауда құрылыс тас ретінде, отқа төзімді материалдар алу үшін. Байланыстырылатын зат ретінде қолданылады.

Облыс аумағында құрылыстық саз өте көп тараған. Ол негізінен кірпіш, саз, кесек алу үшін кірпіштік саз кендері болса, соның он шақтысы Қызылорда қаласының маңында. Бүгінгі күні 20-ға жуық кірпіштік саз кен орындары халықтың қажетіне пайдалануда.

Облыс аумағында адам ағзасына қажетті тұздары бар минериалды су көздері табылған. Мұндай сулар Жаңақорған ауданында мол кездеседі Олар адам терісіне шыққан жаралардың тез жазылуына, асқазан-бүйрек жолдарын тазартуда т.б. ауруларды емдеуде қолданылады.

   Облыс орталығында Қызылорда қаласының өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдан-жылға артып келеді. Өңдеуші өнеркәсіп саласында жаңадан өндірістер ашылып, тоқтап қалған кәсіпорындар іске қосылды. Тамақ өнеркәсібі саласында «Томирис ЛТД» ЖШС (күріш ақтау зауыты), «Виктория» БК (шұжық цехы), «Шапағат сүт» ЖШС (сүт зауыты), «Бастау и К» ТС (консерві цехы) жаңадан ашылып, өнімдерін өңдеуді жүзеге асыруда.

    Жұмысы қайта жанданған «Қызылорда-рисмаш» АҚ, «Еңбек Қызылорда» РМК-ның кірпіш зауыты, «Еңбек» АҚ, «Құрылыс» АҚҚ-дары ауыл шаруашылығына шөп дестелегіш, ауыл шаруашылығы машиналарының бөлшектерін және құрылыс материалдарын шығарады. Сондай-ақ, «Қызылордаагрореммаш» АҚ, «Техоснастка» ЖШС, «РМЗ-Шапағат» ЖАҚ-тары металл құрылымдарын даярлауда.

«Озық», «Қуат» ЖШС-тері өз өндірістерін кеңейтіп, тігін бұйымдары, әсіресе жұмысшылардың арнайы киімдері мен мұнай саласына қажетті құбырларды шығарады.

   Қалада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты құрылысқа қажетті силикат кірпіші, қабырғалық материалдар, бетон өнімдері өндірісі қарқынды дамып келеді.

   Жаңадан көптеген шағын кәсіпкерлік объектілері іске қосылды. Олардың қатарында «Бірлік», «Мандарин», «Айша», «Универсам», «Көктем» сауда орталықтары, «Бәйтерек» мейрамханасы, «Отырар», «Ақжан», «Жайна» базарлары, «Алтын Орда», «Мамыр», Асетан қанақүйлері т.б. бар.

   Кәсіпкерлік саласында өнім өндірушілер саны артып, өнімнің жаңа түрлері шығарыла бастады. Халыққа қажетті жиһаз және ағаштан, пластиктен жасалған терезе, есіктер шығарумен «Асар», «Қызылордақұрылыс», «Райым», «Бабас», «Қызылордапластик», т.б. ЖШС-тері айналысады.

  Облыстың 12 кәсіпорны: «Монтажспецстрой» ЖШС, «Қуат» ЖШС, «УАД» ЖАҚ, «Құскөлқұрылыс» АҚ, «Ұлттық сараптау және стандарттау орталығы» АҚ-ның бөлімшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Дорстрой» ЖШС, «Ақтоған» ЖШС, «Құрылыс» АҚ, «Бест-Сервис» ЖШС, «Альянс» ЖШС, «Озық» ЖШС сапа стандарттар жүйесін енгізді. Сонымен қатар, қазіргі таңда жергілікті 9 кәсіпорын сапа менеджменті жүйелерін енгізу жұмыстарын жүргізуде.


27 сәуір 2015 ж. 14:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: