Кітапхана жобалары «Құжаттық мұраларды цифрлау» жобасы Жобаның мақсаты - өлке тарихы бойынша қорларды сақтау және пайдаланушыларды кітапхананың құнды өлкетану басылымдарымен қамтамасыз ету. Жазба мұраларын сақтау мақсатында қордағы құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмыстары жалғастырылып келеді. Қазіргі таңда сандық форматқа - 8482 кітап (1 720 569 бет), «Ленин жолы» (1942-1989), «Путь Ленина»(1941-1976) облыстық газеттерінің электронды нұсқалары, жалпы осы кезге дейін 166 топтама, бет саны (150 431 бет) цифрланды. «50+ WEB» жобасы «50+Web» жобасының мақсаты –елуден асқан аға буын өкілдерінің шығармашылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін қолдау және қажетті ақпараттарды іздеуде білім мен дағдыны қалыптастыру. Интернет жүйесі мен компьютерде жұмыс істеуге үйретуге көмектесу мақсатында ұйымдастырылған «50+WEB» жобасының қазіргі таңда 3-ші кезеңі өткізілді. Курсқа қатысушылар компьютерде жұмыс істеу, Интернетті пайдалану, желіден ақпарат іздеу, электронды поштаны пайдалану негіздерін үйрене алады.
«Әжемнің ертегілері» жобасы. «Әжемнің ертегілері» жобасының мақсаты - мәдени мұраны сақтау және насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, ертегілер арқылы балаларға адалдық, батылдық, мейірімділік сынды қасиеттерді сіңіру. «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы. «Кітаппен бірге өсеміз» жобасының мақсаты - балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау арқылы олардың рухани дамуына ықпал ету. Шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып өзіндік көзқарасын қалыптастыру.«Жазғы кітапхана» жобасы. «Жазғы кітапхана» жобасының мақсаты - жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуді қамтамасыз ету. Балаларға ашық аспан астында әдеби викториналар, шеберлік сабақтарын ұйымдастыра отырып жазғы уақытын тиімді өткізуге ықпал жасау.
|