Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кітапхана жұмысымен танысты

2019 жылдың 7-ші ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.О.Дулатбеков, Б.Б.Мамраев, Б.М.Мәкен, К.И.Мұсырман  «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхана жұмысымен танысты. Қонақтар Қ.Мұхамеджановтың жеке кітапханасымен, «Шаңырақ» интеллект-орталығымен, «Book-кафе», IT-парк және коворкинг орталықтың жұмысымен танысты. Коворкинг орталықта «Жастар жылына» орай облыс жастарымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты Н.Дулатбеков кітапханаға «Қаз дауысты Қазбек би», «Бұқар жырау» және «Сәкен Сейфуллин» энциклопедияларын тарту етті.



 
07 ақпан 2019 ж. 19:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: