ҚАРЫМСАҚҰЛЫ ИТЕН

   Итен Қарымсақұлы 1939 жылы 20 сәуірде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Аманкелді ауылында дүниеге келген. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1966 жылы бітірген. Свердловск қаласындағы округтік әскери тілшілер және сержанттар даярлайтын әскери мектептерді тәмамдады (1960). 1958-1960 жылдары Қызылорда облыстық «Ленин жолы» қазіргі «Сыр бойы» газетінің редакциясында әуелі хат тіркеуші, одан кейін әдеби қызметкер. 1960-1963 жылдары әскер қатарында қызмет етті, сержант - взвод командирі, әрі округтік әскери «Красный боец» газетінің штаттан тыс тілшісі болды.

   1963-1971 жылдары Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің редакциясында жауапты хатшының орынбасары, әдеби қызметкер. 1971-1973 жылдары Торғай облыстық «Торғай таңы» газеті редакциясы жауапты хатшысының орынбасары.

    1973-1980 жылдары Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің бөлім меңгерушісі, әрі алқа мүшесі. 1980-1985 жылдары Қызылорда қалалық кеңесі атқару комитетінің бөлім меңгерушісі. 1985-1996 жылдары Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, әрі облыстық прокуратураның бас маманы қызметін қоса атқарып, танымдық-құқықтық басылым «Прокуратура тынысы» газетін тұрақты түрде шығарды, редакциялық кеңестің мүшесі болды. 1996-2009 жылдары Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы. Прокуратураның тұңғыш құқықтық, танымдық басылымы «Прокуратура хабаршысы» атты екі тілде шығатын газетін барынша қысқа мерзімде ашуға қол жеткізді. Ал, 2002 жылы бұл газеттің аты «Тура жол» деп өзгертілді әрі қала құқық қорғау органдарының құқықтық, танымдық органы ретінде шығаруды жолға қойды. Газет екі тілде бірдей жарық көрді. Сол жылдары редакциялық кеңестің мүшесі болды. 2014 жылдан республикалық «Құқықтық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі.

    «Қоңыр қалам» ,«Адамдар. Жылдар. Тағдырлар», «Жүрек жазбалары», «Даланың өзіндей, дананың көзіндей», «Жаса, жаса, жарық күн!», «Жақсының жарығы» атты кітаптары жарық көрген.

    Марапаттары: КСРО Журналистер одағының Құрмет дипломы (1978), КСРО халықтық бақылау комитетінің Құрмет грамотасы (1978), «Еңбек ардагері» медалі (1989), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы (2009), Қазақстанның Құрметті журналисі (2009), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин төс белгісі (2010), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерекелік медалі (2011), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2012), «Сыр бойы» газетіне 85 жыл» мерекелік медалі (2014), ҚР Мәдениет саласының үздігі (2015), Қызылорда қаласының Құрметті азаматы (2016), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016), Қазақстан Журналистер одағының және республикалық «Қазақ газеттері» ЖШС-нің арнаулы Дипломдары, 

Сырдария ауданының Құрметті азаматы (2019), «Сарыарқа» («Жезқазған туы») газетіне 45 жыл мерекелік медалі (2018), Алматы қаласы Наурызбай ауданының «Құрметті ардагері» медалі (2019), «Қазақ журналистикасының ардагері» (2019), «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалі (2019), «ҚР Ақпарат саласының үздігі» (2019), Қызылорда облысы әкімі мен облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы (2019), Қызылорда қаласы әкімі мен қалалық мәслихатының Құрмет грамотасы (2019).



Әдебиеттер:

Қарымсақұлы И. Адамдар. Жылдар.Тағдырлар / И. Қарымсақұлы; Ред. Қ.Сәрсенбай.- Алматы: Arna- b, 2013.- 432 б: Суретті.

Қарымсақұлы  И. Жақсының жарығы   / И. Қарымсақұлы. – Алматы : Курсив, 2019. – 424 б.

Қарымсақұлы, И. Жаса, жарық күн! [Мәтін]: жыр жинағы / И.Қарымсақұлы. -Алматы:ARNA, 2017. – 280 бет

Қарымсақұлы И. Жүрек жазбалары: Ғұмырнамалық кітап. 3 / И. Қарымсақұлы.- Алматы: АRNA - Ь, 2015.- 432 б.: фотосурет.

Қарымсақұлы И. Қоңыр қалам / И. Қарымсақұлы; Ред: Қ. Сәрсенбай.- Алматы: Arna- b, 2012.- 312 б.     

***

Итен Қарымсақов // Сырдың сырлы шежіресі / Ред. М.Жетпісбаев.- Қызылорда: Тұмар, 2014. - 44 бет.

Рахымбекұлы Ә. Сыйластық сезімі: Журналист Итен Қарымсақұлы жайында //Сырдың сырлы шежіресі / Ред. М.Жетпісбаев.- Қызылорда: Тұмар, 2014.- 120-131 бет.

Адалдықтың ақ туын көтерген [Мәтін]   //  Сыр мектебі. – 2019. - 17 шілде (№ 14/15). - 4 б.

Журналист-жазушы Итен Қарымсақұлы "Ақпарат саласының үздігі" медалімен марапатталды.

Адалдықтың ақ туын көтерген [Мәтін]   //  ALMATY AQSHAMY. – 2019.- 16 мамыр (№ 60).- 30 б.

176 мектеп-гимназиясында журналист И.Қарымсақұлымен кездесу кеші өтті.               

Айша Н. Алатаудың етегіндегі мерейтой: Қазақстанның құрметті журналисі Итен Қарымсақұлы - 75 жаста / Н. Айша // Сыр бойы. - 2014. - 21 маусым (№ 88/89). - 7 б.

Ақпарат саланының үздігі [Мәтін]   //  AIQYN. – 2019.- 5 шілде (№ 104).- 7 б.; Ардагер айнасы. – 2019. - 17 шілде (№ 14/15). - 8 б.

Итен Қарымсақұлы "Ақпарат саланының үздігі" медалімен марапатталды.

Алатаудың етегіндегі мерейтой: Қазақстанның құрметті журналисі Итен Қарымсақұлы 75 жаста  // Алматы ақшамы. - 2014. - 17 маусым (№ 78). - 3 б. 

Анаш,  Думан. Жақсының жолы - жарық күн [Мәтін]  / Д. Анаш  //  Egemen Qazaqstan. – 2019. - 19 сәуір (№ 75). - 7 б.                   Ардагер қаламгерлерге құрмет // Сыр бойы. - 2016. - 31 желтоқсан (№ 199/200). - 8 б.                                                             Асылбек А.  Қағып түсер қиядан қыран едің..: арнау: Қаламгер Итен Қарымсақұлына арнау / А. Асылбек // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 13-19 маусым (№ 24). - 12 б.                                          

Әдетов Б. Оқырманға олжа салған: Қаламгер Қарымсақұлы Итен жайлы./ Б. Әдетов  // Сыр ардагері. - 2016. - 1 сәуір (№ 8). - 1 б.                                                                                                                                                                                               Әдетов Б.Оқырманға олжа салған: Қаламгер Итен Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" атты кітабы жайлы / Б. Әдетов // Заң газеті. - 2016. - 29 наурыз (№ 33). - 8 б.; Ақиқат. - 2016. - № 5. - 86 – 87 б.

Әлім Ақбота.  Журналистиканың еңбек торысы / А. Әлім //Қазақ әдебиеті.- 2019.- 12 сәуір (№ 15). - 19 б.                                        Әлiм А. Хат бөлiмiнен халық көңiлiне дейiн: Құқық тақырыбының тәжiрибелi журналисi Итен Қарымсақұлы жайында // Заң газетi.- 2009. - 17 сәуiр (№ 57).- 8 б.

Әміреұлы, М. Асыл аға [Мәтін] : өлең / М. Әміреұлы // ANA TILI (Ана тілі). – 2018.- 20-26 қыркүйек (№ 39).- 11 б.
Журналист И. Қарымсақұлына.

Әміреұлы М. Туған жердің бір туары: Қаламгер Итен Қарымсақұлына арнау/  М. Әміреұлы  // Алматы ақшамы. - 2018. - 26 шілде (№ 84). - 6 б.

Әуелбек, Әнуарбек. Жақсы адамның жарығы [Мәтін] / Ә. Әуелбек // Қазақ әдебиеті. – 2019.- 12-18 сәуір (№ 15).- 19 б.
Журналист-жазушы И.Қарымсақұлының "Жақсының жарығы" атты кітабы жайында.

Байтiлесұлы Н. Итен ағаның инабат әлемi: Қаламгер, журналист И.Қарымсақұлының "Адамдар. Жылдар. Тағдырлар" атты жаңа кiтабы шықты // Айқын.- 2013. - 8 тамыз(№ 143). - 7 б.

Бейсенұлы Б.Ардагер журналист құрметке бөленді: Журналист-жазушы Итен Қарымсақұлы "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағына ие болды/ Б. Бейсенұлы // Айқын. - 2017. - 10 қаңтар (№ 2). - 6 б.     

Бекмұратұлы С. Арқардың салмағы ауыр сақасындай: Журналист И.Ә.Қарымсақов жайында // Алматы ақшамы. - 2009. - 16 сәуiр (№ 44). - 30 б.

Бекмұратұлы С. Даланың даусын, жусанның исiн әкелген: Журналист И.Қарымсақұлының "Қоңыр қалам" атты кiтабы жарық көрдi // Алматы ақшамы.- 2012. - 28 сәуiр (№ 50/51). - 14 б.     

Бекмұратұлы С. Қоңыр қалам: Журналист Итен Қарымсақұлының шығармашылығы туралы // Егемен Қазақстан.- 2012. - 10 мамыр (№ 224).- 9 б.      

Бектас Г. Қоңыр қалам - қоңыр әлем: Журналист Итен Қарымсақұлының шығармашылығы мен "Адамдар. Жылдар. Тағдырлар" атты жинағы жайлы / Г. Бектас //Түркістан. - 2014. – 17 сәуір (№ 15). - 11 б.

Битас,  А. Жақсының жарығы / А.Битас  //  AIQYN. – 2019. - 30 сәуір (№ 66). - 8 б.

Ұлттық кітапханада жазушы Итен Қарымсақұлының 80 жылдық мерейтойы аясында жаңа кітабы мен библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.

Домбай Нұрперзент. Өнегелi жол: Қаламгер Итен Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" деп аталатын кiтабы жарық көрдi  // Ана тiлi. - 2015. - 29 қазан - 4 қараша(№ 43). - 10 б.

Достықта болмаған соң тұрақтылық, тұрмайды жағдайыңды сұрап бiлiп: Қазақстанның құрметтi журналисi И.Қарымсақұлының бүгiнгi тәлiм-тәрбие саласындағы ой тұжырымдары мен жазбалары // Алматы ақшамы. - 2014. - 4 қыркүйек ( № 111). - 14 б.

Дуанабай,  Жолдасбек. Алматыда бір жан бар Сырға ғашық [Мәтін]  / Ж. Дуанабай  //Сыр бойы. – 2019.- 30 қараша (№181/182).- 6 б.

Журналистика саласының ардагері, қаламгер И.Қарымсақұлы туралы.

Жайлыбай Ғалым. Итен ағаға: Қазақстанның Құрметті журналисі Итен Қарымсақұлына арналған құттықтау / Ғ. Жайлыбай // Ардагер айнасы. - 2018. - 13 сәуір (№8). - 4 б.

Жақсы жандардың жаршысы немесе қаламгерлер Қарымсақұлын неге құрметтұтады? // Almaty aqshamy (Алматы ақшамы). – 2019.- 20 сәуір (№ 50).- 11 б.
Қаламгер Итен Қарымсақұлының шығармашылығы туралы.

Жандәулетұлы Нұркен. Ой орамдары: Журналист Итен Қарымсақұлының "Жаса, жарық күн" атты кітабы жайлы / Н. Жандәулетұлы // Ана тілі. - 2017. - 19-25 қазан (№ 42). - 14 б.

Жандәулетұлы Нұркен. Ой орамдары: Журналист Итен Қарымсақұлының "Жаса, жарық күн" атты кітабы жайлы / Н. Жандәулетұлы // Ардагер айнасы. - 2017. - 14 қараша (№ 22). - 4 б.

Жанысбай Майра.  Жақсының жарығы / М. Жанысбай //Aiqyn.- 2019. - 21 наурыз (№44). - 8 б.                                                       Журналист Итен Қарымсақұлының "Жақсының жарығы" кітабы жайлы.                  

Жаса, жарық күн!: Журналист И.Қарымсақұлының "Жаса, жарық күн!" атты кiтабы жарыққа шықты  // Қазақ әдебиетi. - 2017. - 13 - 19 қазан (№ 42).- 18 б.

Жасұлан Б. Қарымсақовтар әулеті - байқаудың жеңімпазы: Журналист Итен Қарымсақовтың отбасы жайлы / Б. Жасұлан. // Айқын. - 2016. - 8 маусым (№ 83). - 8 б.

Журналиске құрмет көрсетілді //Almaty aqshаmy.- 2019. - 14 наурыз (№ 31). - 32 б.                                                                   Журналист Итен Қарымсақұлының 80 жыл толуына орай "Сарыарқа" газетінің бас редакторы құрмет көрсетті.              Журналистке құрмет көрсетілді //Ардагер айнасы.- 2019. - 1 сәуір (№ 7). - 2 б.        

Жұмабаев Серік. Өлеңмен өрнектелген өмір: Қазақстанның Құрметті журналисі Итен Қарымсақұлының жаңа кітабы жарық көрді / С. Жұмабаев // Алматы ақшамы. - 2017. - 17 қазан (№ 121). - 11 б.

Жүсiп Н. Көп көрген кiсiнiң көңiлi – төр: Журналист И.Қарымсақов туралы // Айқын.- 2014. - 11 сәуiр (№ 62). - 6 б.

Иман Қ. Итен Қарымсақұлы - Қызылорда қаласының Құрметті азаматы: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Итен Қарымсақұлы жайлы / Қ.Иман // Алматы ақшамы. - 2017. - 5 қаңтар (№ 1). - 4 б.  

Итен Қарымсақұлы - Ақпарат саланының үздігі [Мәтін]   //  ALMATY AQSHAMY. – 2019.- 2 шілде (№ 80).- 6 б.

Катепова Ақмарал. Уақыт тiлiн керi айналдырған...: Журналист-жазушы И. Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" кiтабына орай // Қазақ әдебиетi. - 2015. - 13-19 қараша (№ 44/45). - 16 б.

Қазақ баспасөзінің қара нары [Мәтін] // Алматы ақшамы. – 2019.- 25 сәуір (№ 52).- 10 б.
ҚР Ұлттық кітапханасында журналист-жазушы Итен Қарымсақұлының 80 жылдық мерейтойы аясында "Жақсының жарығы", "Библиографиялық көрсеткіш" атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Қаламгерге құрмет көрсетілді: Жазушы-публицист Итен Қарымсақұлына "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді // Ана тілі. - 2017. - 12-18 қаңтар (№ 2) - 3 б. 

Қармыс Сәрсен.  Жақсы жандардың жаршысы / С. Қармыс //Almaty aqshаmy.- 2019. - 20 сәуір (№ 50). - 11 б.                                     Қаламгер Қарымсақұлын неге құрмет тұтады?                                       

Қожасов Ержан.  Қаламгермен кездесу / Е. Қожасов, Н. Нұржаубай//Сыр бойы.-  2019. - 30 наурыз (№ 44/45). - 5 б.                           Журналист-жазушы И.Қарымсақовтың 80 жасқа толған мерейтойына орай кездесу  өтті.                                               Қуат, А. Өмір жайлы толғаныс / А. Қуат // Ана тілі. – 2019.- 14-20 ақпан (№ 6).- 5 б.
Жазушы-журналист И.Қарымсақұлының "Жақсының жарығы" атты кітабы жайында.

 "Құрметті азамат" атанды: Жазушы-публицист Итен Қарымсақұлына "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді //Қазақ әдебиеті. - 2017. - 13 қаңтар (№1). –2б.  

Қырғызбаев Ө. Қаламын қару еткен: Журналист Итен Қарымсақұлы жайлы //Құқықтық Қазақстан. - 2006. - 30 маусым (№ 18). - 3 б.

Қырғызбаев Ө. Шабыттың қайық, қаламын ескек еткен: Қалалық прокуратураның баспасөз хатшысы Итен Қарымсақұлы туралы сыр  // Заң газетi. - 2006. - 22 маусым(№ 113). - 2 б.

Лауреаттар [Мәтін] // Егемен Қазақстан. – 2012.- 28 маусым (№ 356/357).- 7 б.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметкерлерге Қазақстан жазушылар одағының сыйлықтары.

Лепесова А. Тағылымға толы "Жүрек жазбалары": Ардагер журналист Итен Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" атты ғұмырнамалық кітабы жарық көрді /А. Лепесова  // Түркістан. - 2015. - 19 қараша (№ 46). - 8 б. 

Мұратов Е. Қара баланың қоңыр әлемi: Журналист И.Қарымсақов туралы // Заң газетi. - 2012. - 27 сәуiр (№ 62). - 5 б.

Мұратов Е. Қарымды журналист: Алматы қ. Прокуратурасының баспасөз хатшысы Итен Қарымсақұлы туралы  //  Жас Алаш. - 2006. - 22 маусым № 50 (15089) - 4 б.

Мұратов Е. Өмір белестері: / Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы, қаламгер Итен Қарымсақұлы туралы  / Е. Мұратов // Сыр бойы. - 2009. - 25 сәуір. - 5 б.                                                    

Мыңжасарқызы Д.  Әділдікті ту еткен қаламгер: Журналист Итен Қарымсақұлының "Арна" баспасынан жарық көрген "Адамдар. Жылдар. Тағдырлар" атты жаңа кітабы оқырманға жол тартты / Д.Мыңжасарқызы // Сыр бойы. - 2013. - 17 тамыз (№121-122). - 9б.                 

Мыңжасарқызы Д.  Қадірлі азамат, қарымды қаламгер: Қаламгер Итен Қарымсақұлы жайлы / Д. Мыңжасарқызы  // Сыр бойы. - 2014. - 14 маусым (№ 84-85). - 9 б.                                               

Мыңжасарқызы Д. Қаламы қарымды журналист: Журналист И.Қарымсақұлы өмірінен / Д. Мыңжасарқызы  // Заң газеті. - 2014. - 12 маусым (№ 85).- 4 б.   

Ойса, Б. Әңгіме өзегі - өмір шындығы [Мәтін] / Б. Ойса // Дала мен қала. – 2013. - 3 қазан (№ 40). - 14 б.
Журналист И.Қарымсақұлының "Адамдар. Жылдар. Тағдырлар" атты кітабы шыққандығы туралы.                                  Ойса Б. Басты мұратына жеткен жан: Итен Қарымсақұлының журналистік ой толғамдары һәм шеберлігі жайлы / Б. Ойса // Құқықтық Қазақстан. - 2014. - 16 маусым(№ 17). - 4 б.                                                                 

Ойса Б.  Құқық тақырыбына қалам тербеген: Журналист Итен Қарымсақұлының "Адамдар. Жылдар. Тағдырлар" кітабы жайлы ойлар / Б. Ойса // Құқықтық Қазақстан. - 2013. - 16 қазан (№29). - 3 б.     

Оралбаева Жұмагүл. Ғұмырнамалық кiтап көпшiлiкке ой салды: Қызылордада публицист И.Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" атты кiтабының тұсаукесерi өттi.// Айқын. - 2015. - 10 қараша (№ 210). - 5 б.

Оралбаева Ж. "Жүрек жазбалары" оқырмандарымен қауышты: Қаламгер Итен Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" атты кітабының тұсаукесері болып өтті./  Ж. Оралбаева  // Ана тілі. - 2015. - 12-18 қараша (№ 45). - 10 б.                                             

Оралбаева Ж. Уақыттың қадірін білген қаламгер: Журналист, публицист Итен Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" атты кітабының тұсаукесері өтті  / Ж. Оралбаева //Сыр бойы. - 2015. - 5 қараша (№ 167). - 6 б.                                                          

Оралбаева Ж. Уақыттың қадірін білген қаламгер: Журналист, публицист Итен Қарымсақұлының "Жүрек жазбалары" атты кітабының тұсаукесері өтті. /  Ж. Оралбаева  // Алматы  ақшамы. - 2015. - 7 қараша (№ 135/136). - 22 б.    

Оспан С. Еңбегi жанған журналист: [Журналист Итен Қарымсақов туралы] // Алматы ақшамы. – 1999. - 19 сәуiр   

Парманқұлов, Сапарбай. Бақыт құшағында / С. Парманқұлов // Ақиқат. -2019.-№ 2.- 95-98 б.
Журналист И.Қарымсақұлы жайлы      

Рахымбекұлы Ә. Әке туралы әңгіме: Ұлы Жеңіске - 70 жыл. / Ә. Рахымбекұлы // Сыр ардагері. - 2015. - 15 сәуір (№ 8). - 3 б.; Айқын апта. - 2015. - 7 мамыр (№ 82). - 12 б.; Құқықтық Қазақстан. - 2015. - 9 мамыр (№ 13). - 2 б.

Рахымбекұлы Ә.  Көктемің келді, Иеке!: Қазақстанның Құрметті журналисі Итен Қарымсақұлының туған күніне арналған өлең / Ә. Рахымбекұлы // Жас Алаш. - 2013. - 18 сәуір. - 6 б.     

Рахымбекұлы Ә. Сыйластық сезiмi: Журналист Итен Қарымсақұлы жайында// Алматы ақшамы. - 2012. - 9 тамыз (№ 96). - 24-25 б.

Салғараұлы, Қойшығара. Сөзінен қуат, жүзінен шуақ кетпеген / Қ. Салғараұлы// Алматы ақшамы. – 2019.- 21 ақпан (№ 23).- 30 б.
Қаламгер И.Қарымсақұлының "Жақсының жарығы" атты кітабы жайында ой.

Сары С.Тарих дегенiмiз тағдырлардан тұрмай ма?: Журналист Итен Қарымсақұлының "Адамдар. Жылдар. Тағдырлар" атты кiтабы туралы // Алматы ақшамы. - 2013. - 15 тамыз (№ 100). - 25 б. 

Сәдуақасов, Б. Қаламгер туралы сыр / Б. Сәдуақасов // Ақиқат. – 2014.- № 8.- 91-94 б.
Қаламгер И.Қарымсақұлының 75 жасқа толуына орай.     

Сәдуақасов Б.  Уақытпен достасқан қаламгер: Журналист Итен Қарымсақұлы туралы/  Б. Сәдуақасов //Ана тілі. - 2014. - 12-18 маусым (№ 23). - 8 б.          

Сәрсенбай Қ. Даланың өзіндей, дананың көзіндей: Журналист И.Қарымсақұлы өмірінен / Қ. Сәрсенбай // Алматы ақшамы. - 2014. - 17 сәуір (№ 44). - 10-11 б.                                             

Сүйін Н.  Қарапайымдылық қағидасы: Журналист-жазушы Итен Қарымсақұлының шығармашылығы жайлы бір үзік сыр / Н. Сүйі // Құқықтық Қазақстан.- 2016. - 29 тамыз (№ 24). - 4 б.  

Сырдария ауданының құрметті азаматтары [Мәтін]   //  Тіршілік тынысы. – 2019 - 14 желтоқсан (№ 97).- 2 б.

Тәшен Төреғали. Итен ағаның иірімдері: Қаламгер Итен Қарымсақұлының "Жаса, жарық күн" атты кітабы жайлы / Т. Тәшен // Айқын апта. - 2017. - 7 қазан (№ 151). - 18 б.

Туған жерін ту еткен қаламгер // Алматы ақшамы. – 2019.- 11 сәуір (№ 42).- 10 б.; Ардагер айнасы.- 2019. - 16 сәуір (№ 8). – 3 б.

Жазушы-журналист Итен Қарымсақұлының туғанына 80 жыл толу аясында өткен кештен.

Тілеубергенова Бағлан.  Өнегелі өмір өрнектері / Б. Тілеубергенова, Н.Нұржаубай //Ақмешіт апталығы.- 2019. - 30 наурыз (№ 23). - 2 б.     Жазушы, журналист Итен Қарымсақов 80 жаста.                                     

Халманова Б. Өмiрдiң мәнi, тiршiлiктiң сәнi: Белгiлi журналист И.Қарымсақұлының "Қоңыр қалам" атты кiтабы жарыққа шықты. // Ана тiлi. - 2012. - 3-8 мамыр (№ 18). - 11 б.

Халыққызы Л. Қарымды қаламгерге құрмет көрсетілді: Қазақстанның құрметті журналисі - 75 жаста / Л. Халыққызы // Айқын. -  2014. - 19 маусым (№ 105). - 20 б.  
06 мамыр 2021 ж. 13:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: