«Білімді жастар – келешек кепілі» атты кітап көрмесі

    12 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, олардың оқу мен білімге деген қажеттіліктерін қалыптастыру мақсатында Халықаралық жастар күніне орай «Білімді жастар – келешек кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ұсынылған көрме қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтік, мәдени, экономикалық аспектілерін ашады. Көрме жастар арасында белсенділікті қалыптастыруға, елдің қоғамдық-саяси өміріне  араласуға көмектеседі.         

    Көрмеге шетелдік және отандық авторлардың кітаптары қойылып, атақты жастар туралы журналдар мен газеттер ұсынылды. Атап айтқанда: Д.Кехо «Түйсігіңмен ойла», Х.Ертугрул «Өзіңмен күрес, жетістікке жет», С.Исраил «Ойтұмар», Е.Шаймерденұлы «Ақыл-ой антологиясы», А.Омарбекова «Өзін-өзі тану», А.Рысмендиев «Жеңімпаздар құпиясы».


 
12 тамыз 2021 ж. 18:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: