КИМ ИК СЕ

      Ким Ик Се 1894 жылы туған. Еңбек ардагері. Еңбек жолын 1916 жылы жалшы болып бастаған. 1929 жылы колхозға кіріп, көп ұзамай-ақ күріш плантациясында сушы болды. 1939-1960 жылдары Шиелі ауданының «Авангард» ұжымшарында звено жетекшісі болып істеді. 1948 ж. звеноға бекітілген 10 гектар егістіктің әр гектарынан 82 ц-ден өнім алып, жоғарғы көрсеткішке жетті.

     1948 жылы звеноға бекітілген 10 гектар егістіктің әр гектарынан 82 центнерден күріш алып, тамаша көрсеткіштерге қолы жеткені үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Ким Ик Сеге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Жоғары атақ оны жаңа жетістіктерге жетуге жетеледі, ол бүдан кейінгі көп жылдар бойы күріш өсіруде жаңа табыстарға жетіп отырды.

04 мамыр 2015 ж. 16:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: